Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет87/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

v БӨ
ЛІМ
ОҚыЛыМ
1. Мәтінді оқыңыз.
Туған күн және мінез-құлық
«1»
нөміріндегі адамдар өмірге құштар, 
әдемі, бірбеткей, мақсатшыл жандар. 
Оларға әрқашан бірінші орында болған 
ұнайды. Есте сақтау қабілеттері керемет. 
Бір уақытта бірнеше істерді атқара алатын 
қабілеттері де бар.
«2»
нөмірлі адамдар тыныш, шусыз 
өмірді жақсы көретін адамдар. Олар
адамдарды ренжітіп алуға қорқады. Сонымен 
қатар олар өте қарапайым, сыпайы адамдар. 
Достық, жақсы қарым-қатынас олар үшін өте 
маңызды. Жан-жағындағы басқа адамдарға 
болысып, көмектескенді ұнатады.
«3»
нөмірі тілтабысқыш, қиялшыл және 
шығармашылық жұмысты ұнататын 
адамдар. Бейтаныс адамдармен танысуды, 
бақытты етуге тырысуды жақсы көреді. Олар 
өте атақты, жиын-кештердің «жұлдызы» 
атанған.
«4»
нөмірі 
жауапты, 
денсаулығы 
мықты, еңбекқор адамның бейнесін 
көрсетеді. Бұл нөмірде туған адамдар бос 
уақыттарын өз отбасыларымен бөліскенді 
жақсы көреді. Кейде өз айтқандарынан 
қайтпайтын мінез көрсетуі мүмкін.
«5»
нөмірлі адамдар шыдамсыз, өте 
жылдам, демалғанды ұнатпайтын
бір жерде отырғанды қаламайтын адамдар. 
Олар үнемі жаңа қиындықтармен күресуді, 
жеңіске жеңіп, өз жеңістеріне масаттануды, 
жаңа, бейтаныс жерлерді аралағанды, жаңа 
нәрселерді үйренгенді ұнатады.
«6»
нөмірлі адамдар шындықты айтқан 
адал жандар. Сонымен қатар 
қиялдағанды ұнататын қиялшыл адамдар. 
Олардың достары үнемі қиналған кезде «6» 
нөмірлі адамдардан көмек сұрай алатында-
рын біледі, себебі олар біреуге көмектесуді, 
қуаныштарымен бөліскенді ұнатады.
«7»
нөмірлі 
адамдар 
жалғыздыққа 
ғашық болған адамдар. Өзін-өзі 
қатаң тәртіпте ұстаған жандар. Шешім 
қабылдауға асықпайтын жандар. Көреген, 
алғыр, сыр сақтағанды жақсы көретін және 
қиялға бай жандар. 
«8»
нөмірлі адамдар үнемі өзгелерге 
көмектесуді, қиын мәселелерді 
шешіскенді жақсы көреді. Тәуелсіз болғанды, 
өздерін-өздері 
басқарғанды 
ұнатады. 
Өзгелердің ережелерімен емес, өздері жасаған 
ережемен жүретін, өз мақсатына қалайда қол 
жеткізетін мықты адамдар.
«9»
нөмірде адамдармен тез сөйлесіп, дос тауып, оларға көмектесіп жүрген керемет жандар. 
Олар өмірде жолы болған адамдар. Әрдайым адамдарға болысып, жақын араласып
жүргенді ұнатады. 
Туған күніңіздегі сандар сіздің қандай адам екеніңізді білдіреді. Осы сандар арқылы біз 
өзіміздің әлсіз жақтарымызды жақсартуға мүмкіндік аламыз. Ол үшін туылған күніңіздің 
сандарын бір-біріне қосыңыз. Мысалы:
Ақпан 19, 1968 2+19+1968=1989=1+9+8+9=27=2+7=9
Сіздің туылған күніңіздің нөмірі “9”


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет