Елмірбек Иманәлиев – қырғыздың белгілі айтыс ақыны. 1978 жылы Жалал-
Абад облысы, тоқтағұл ауданы, өзгеріс ауылында туған. 15 жасынан бастап манас
жырын жатқа айтып, айтысқа қатысқан.
Қырғыздан шыққан төкпе ақын, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі туғанбай
Әбдиевтің (1937-2008) шәкірті.
Айнұр Тұрсынбаева – 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында
дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Құу-ін бітірген.
1991 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. Көптеген республикалық,
халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Франция, түркия, Қытай, моңғолия
елдерінде өнер көрсеткен.
«дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Оразалы Досбосынов(1975-2005) – Алматы облысы, райымбек ауданы
(бұрынғы нарынқол), тегістік ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚұПу-нің
филология факультетін тәмамдаған (1998).
еңбек жолын тегістік ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған
(1993-1994). ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Айтыс» үйірмесінің
жетекшісі және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған (2004-2005).
республикалық және халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін
жеңімпазы. Қазақ айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ерекше дарын иесі.
Мэлс Қосымбаев(1970 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы,
Жылысу ауылы) – ақын. мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық ақындар
айтыстарға қатысқан. орал педагогика институтын бітірген (1992).
Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1992-2006). 2006 жыл-
дан маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. республикалық
және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988-2007). Қазақстанда алғаш
өткізілген «Айтыс – Қазақстан» чемпионатының (2007) бас жүлдегері.
м.Қосымбаев – Абыл, Ақтан, нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан
жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айту-
лы айтыс ақындарының бірі. Филология ғылымының кандидаты (1999). Қазақстан
республиканың мәдениет қайраткері (2007).