Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет142/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162
Балғынбек Имашев – 1977 жылы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Жо-
ламан ауылында туған. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатыса баста-
ды. Әл-Фараби атындағы Құу филология факультетінің әдеби аударма бөлімін, 
әдебиеттану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.


379
Айтыс VI том
еңбек жолын республикалық Қазақ радиосында редактор-стилист болып 
бастаған (1998-2000), Астана қаласындағы еуразия гуманитарлық институтында 
филология кафедрасының оқытушысы (2000-2001), л.н. гумилев атындағы еұу 
қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген (2001-
2007). Академик р.нұрғалидың жетекшілігімен «Айтыстағы сатира мен юмор» де-
ген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (2006). 
і.Жансүгіров атындағы Жму қазақ филологиясы кафедрасының доценті (2007-
2009), «ЭрА-7 арна» ЖШс дубляж департаментінің редакторы болып еңбек ет-
кен (2009-2012). Қазіргі таңда Қазақстан республикасы ұлттық спорт түрлері 
қауымдастығында қызмет істейді.
Көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Қырғызстан, 
өзбекстан, Қытай елдерінде, Париж, стамбул, мәскеу шаһарларында өнер 
көрсеткен. Қазақ тілі қоғамының медалімен марапатталған. 
Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы.
Ринат Зайытов – 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында 
туған. м.төлебаев атындағы музыкалық колледжін «драмалық театр актері» 
мамандығы бойынша бітірген. семей мемлекеттік педагогикалық институтында 
филолог мамандығы бойынша білім алған. 
«тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық байқауының жеңімпазы 
(2001). Бірнеше республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.
«Хабар» арнасында тікелей эфирде өткен республикалық жекпе-жек айтыстың 
жеңімпазы (2004). Аягөз ауданының Құрметті азаматы, «Астана қаласының дамуы-
на қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.
Тілеген Әділов – 1974 жылы Қарағанды облысы, Ағадыр ауданы, Ақшатау елді-
мекенінде туған. ө.Байқоңыров атындағы Жму-ін бітірген (1998). 
Бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы. 
Дидар Қамиев – 1988 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауы-
лында туған. Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін бітірген (2010). ең 
алғаш айтыс сахнасына он жасында шыққан. 
Қырғызстанда өткен бүкіләлемдік жыршы-эпосшылар фестиваліне қатысып, 
арнайы медальмен марапатталған (2006). Павлодар қаласында өткен м.Ж. Көпей-
ұлының 150 жылдығына арналған республикалық айтыста (2008), Қызылорда қала-
сында өткен «нұр отан» партиясының 10 жылдығына арналған республикалық 
айтыста (2009), Астана қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысында 
(2009), Қызылорда облысы Шиелі ауданының 80 жылдығына арналған «маржаны 
сырдың Шиелі» атты республикалық айтыста (2009), Шымкент қаласында өткен 
республикалық ақындар айтысында (2011) бас жүлдені иемденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет