376
Қазақ өнерінің антологиясы
Мұхамеджан Тазабеков – 1975 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан
ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-ін қазақ әдебиеті мамандығы бойын-
ша бітірген (1996). осы университеттің магистратурасын (1998), аспирантурасын
тәмамдаған (2000).
Айтысқа мектеп қабырғасынан бастап қатасқан. ұстазы – Айтмұхаммед исақов.
Б.момышұлының 90 жылдығы мен с.Әлібекұлының 210 жылдығына арналған
айтыстарда(1990) бас жүлдені жеңіп алған. 1991-2003 жылдар арасында айтулы
айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері болды.
Әл-Фараби атындағы Құу ақындарды дайындау мектебінің жетекшісі (1996-
1997), 1997-2003 жылдары ұлттық гвардия құрамында «Президенттік оркестр
орындаушысы» қызметін атқарады.
1996 жылы профессор м.Жолдасбековтың сценарииі бойынша түсірілген
«Жамбылдың жастық шағы» фильмінде басты рөлді сомдаған.
2001-2003 жылдар аралығында Халифа Алтай атындағы халықаралық қоры
директорының орынбасары қызметін атқарды. 2001-2009 жылдар аралығында
«Қазақстан» телеарнасында «Жұмадағы жүздесу», «Құбыла», «ораза қабыл бол-
сын», «иман нұры» хабарларының авторы әрі жүргізушісі ретінде танылды.
2009 жылдан «Асыл арна» діни ағартушылық телеарнасының директоры.
«Айтыстар» (2006), балаларға арналған «иман бақшасы» (2009) еңбектері
жарық көрген. «дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (1998).
Айбек Қалиев – 1978 жылы Қостанай облысы (бұрынғы торғай), Жангелдин
ауданының тәуіш ауылында туған. л.н. гумилев атындағы еұу-ін үздік бітірген (1998).
с. сейфуллин атындағы ҚАу қазақ тілі кафедрасында ассистент, оқытушы,
аға оқытушы болып еңбек еткен (1998-2001). л.н. гумилев атындағы еұу қазақ
әдебиеті кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған
(2001-2009). 2009 жылдан ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық
институтының Педагогика және филология факультетінің деканы.
«торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссер-
тация қорғаған (2006). «торғай ақындарының дәстүрлі поэзиясы» атты монография-
сы жарық көрді (2008). ғылыми басылымдарда отызға жуық ғылыми мақалалары
жарияланған. Бірнеше дүркін республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері.
Достарыңызбен бөлісу: