25
Тең ӛлшемді және тең ӛлшемді емес кодтар бар. Тең ӛлшемді екілік
кодтардың кодтық тіркестері екілік таңбалардың бірдей санынан, ал тең
ӛлшемді емес кодтар әр тҥрлі санынан тҧрады.
Тең ӛлшемді емес екілік кодқа Морзе алфавиті мысал бола алады. Мҧнда
әрбір әріп пен цифр ҥшін қысқа және ҧзын
сигналдардың екілік тізбегі
анықталған. Морзе әліппесінде мысалы, Е әрпіне бір қысқа сигнал (нҥкте), ал
Ш әрпіне – тӛрт ҧзын сигнал (тӛрт тире) сәйкестендірілген. Тең ӛлшемді емес
кодтау хабарламаны беру жылдамдығын арттыруға жағдай жасайды, ӛйткені
берілетін текстідегі кӛп кездесетін символдарға (мысалы, Е әрпі) неғҧрлым
қысқа тіркес тағайындалады.
Есептеу техникасында,
негізінен, кодтық тіркестері сегіз екілік таңбалар
тізбегінен қҧралатын тең ӛлшемді кодтар қолданылады. Мысалы, ЭЕМ-де
ақпарат енгізу мен шығаруда қолданылатын ақпарат алмасу коды – КОИ-8;
ақпараттың ішкі қҧрылымын кӛрсетуге қолданылатын ақпарат алмасудың
екілік коды – ДКОИ.
Трисиме коды (латын алфавитінің таңбаларына 3 таңба: 1, 2, 3
тіркесі
сәйкестендіріледі). Трисиме коды – тең ӛлшемді код (яғни барлық кодтық
тіркестер екілік таңбалардың бірдей санынан тҧрады). Тең ӛлшемді емес код –
Морзе алфавиті.
Кодтық тіркестерді қҧрайтын символдар саны – код ҧзындығы деп
аталады. Екілік кодқа қатысты код ҧзындығы терминімен қатар, код
разрядтылығы термині қолданылады.
Байттық кодтаудың халықаралық жүйесі
N екілік таңба топтарынан тҧратын тең ӛлшемді код арқылы қанша әр
тҥрлі кодтық тіркестер қҧруға болатынын K=2
N
формуласы
арқылы табуға
болатыны белгілі.
Бірнеше алфавитті кодтау ҥшін қажет N-нің ең кіші мәні – 8, яғни
K=2
8
=256. Осы екілік символдардың 256 тіркесі арқылы кез келген алфавитті
кодтауға болады. Сегіз екілік цифр байтты қҧрайды, сондықтан жҥйе – байттық
кодтау жҥйесі деп аталады. Кӛбінесе мына екі жҥйе қолданылады:
- EBСDІC (Extended Bіnary Coded Decіmal Іnterchange Code)
- ASCІІ (Amerіcan Standard Code for Іnformatіon Іnterchange)
Біріншісі ҥлкен машиналарда, ал екіншісі мини, микроЭЕМ,
дербес
компьютерлерде қолданылады. Бҧл жҥйелер 1963 жылдары қҧрылған.
Қазіргі кезде ASCІІ кестесінің жетілдірілген балама кодировкасы
қолданылады. Мҧнда дербес компьютер алфавитінің таңбаларына он алтылық
сандар тӛмендегі ереже бойынша сәйкес қойылған: біріншісі – баған номері,
екіншісі – жол номері:
‗А‘ - коды 41
16
=4*16
1
+1*16
0
=64+1=65
10
‗и‘ - коды А8
16
=10*16
1
+8*16
0
=160+8=168
10
Бҥтін оң сандардың тура коды қосымша кодпен бірдей:
1) Сан екілік жҥйеге аударылады
2) Санның
қай типке жататынына сәйкес, оның жазылуына сол жақтан
қажет 0-дер тіркеледі .
Мыс: 37
10
=100101
2
26
- егер іnteger деп хабарланса, онда тура коды: 2 байт, яғни 2*8 бит =16 бит
- егер longіnt деп хабарланса, онда тура коды: 4 байт, яғни 4*8 бит =32 бит
- қысқа жазу ҥшін он алтылық жҥйе қолданылады.
Бҥтін теріс санның қосымша коды:
1. сан тобының тура кодын жазу
2. инверттеу (бірді –нӛлмен, нӛлді – бірмен алмастыру)
3. инвертті кодқа 1-ді қосу
Достарыңызбен бөлісу: