Э. А. Абдыкеримова


 Хабарды сигналдар кӛмегімен жіберу



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 
2.4 Хабарды сигналдар кӛмегімен жіберу 
Біздің ҧғымымыздағы «сигнал» ақпараттық жҥйеде хабарды жіберу ҥшін 
қҧрылған сигнал деп тҥсінеміз. Сигналдың материалдық негізі ақпарат (хабар) 
тасымалдаушы деп аталатын физикалық объект немесе процесс. Тасымалдаушы 
модуляция процесінде сигнал болады. Берілетін хабарға сәйкес уақытта ӛзгеретін 
тасымалдаушы параметрін информативті деп атайды. 
Ақпарат тасымалдаушы ретінде табиғаты әр тҥрлі тербелістер қолданылады. 
Техникалық ақпараттық жҥйелерде кең таралғаны электр кернеуі немесе тогы тҥріндегі 
тасымалдаушылар. Тербелістер детерминделген және кездейсоқ болып бӛлінеді.
Детерминделген  деп кез-келген уақыт аралығында дәл анықталған тербелістерді 
айтамыз. 
Кездейсоқ тербелістердегі кейбір параметрлердің мәндерін алдын-ала айту 
мҥмкін емес. Олар бізді қызықтыратын ақпараттарды тасымалдайтын сигнал немесе 
бізді қызықтыратын сигналдарды бақылауға кедергі жасайтын кедергілер тҥрінде 
қарастырылады.
Байланыс каналдарының, сигналдарының және кедергілердің жалпы 
қасиеттерін оқып ҥйренгенде біз оның нақты физикалық табиғатын, мазмҧнын және 
қызметін оның модельдерімен ауыстырамыз. Модель есепті шешудегі негізгі 
факторларды бейнелейтін объектіні, процесті немесе қҧбылысты сипаттайтын тәсіл. 


22 
Ақпараттық жҥйелердің жҧмыс істеуінің тиімділігін арттыру есептері – ақпарат 
кӛзі және байланыс каналымен сипатталатын негізгі параметрлерінің сандық 
қатынастарын анықтаумен байланысты. Сондықтан зерттеу кезінде математикалық 
модельді қолданады. Математикалық модель – бізді қызықтыратын кӛрсеткіштерді 
анықтау тәсілдеріне байланысты әр тҥрлі әдістермен жҥзеге асырылады. 
 
2.5 Хабарды дискретизациялау 
Ақпараттық параметрлердің қҧрылымына байланысты сигналдар дискретті, 
ҥздіксіз және дискретті-ҥздіксіз болып бӛлінеді. 
Дискретті хабарлар – уақыт аралығында біртіндеп ақпарат кӛзі қҧратын 
шектеулі элементтер жиынынан тҧрады. Элементтер (символдар) жиынтығы 
ақпарат кӛзінің алфавитін қҧрайды.
Ҥздіксіз хабарлар уақыт аралығында ӛзгеретін қандай да бір физикалық 
шамамен беріледі. Белгілі бір санаулы уақыт аралығында хабарлардың шектелген 
жиынын алу дискретизациялау (уақыт бойынша), кванттау (деңгей бойынша) 
арқылы жҥзеге асырылады. 
Кӛп жағдайда қандай да бір физикалық процестің жҥруі туралы ақпарат уақыт 
бойынша ҥздіксіз ӛзгеретін сигналдар сәйкес датчиктер арқылы ӛндіріледі. 
Аналогтық сигналдардың цифрлы сигналға ӛтудегі артықшылығы – ақпаратты 
жеткізу, сақтау немесе ӛңдеуде. Тҥрлендіруді арнайы қҧрылғы – ҥздіксіз 
сигналдарды тҥрлендіргіш жҥзеге асырады және уақыт бойынша дискретизациялау 
және деңгей бойынша кванттау арқылы орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет