№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет19/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185
Болашақ дəрігердің медициналық құралдарды меңгеру жолындағы ұйымдастырушылық
қызметке қажетті білімдер мен дағдылар: 
1. Ғылым мен техника, физика мен медициналық техника жаңалықтарын медицинаға енгізуді 
ұйымдастыру. 
2. Медициналық қызметте жаңа медициналық техникаларды енгізуге қатысу, сынақтан өткізу. 
3. Медициналық қызметте жаңа медициналық техникаларды меңгеру бойынша біліктілікті 
арттыру. 
4. Ғылым мен техника, физика мен медициналық техника жаңалықтарын медицинаға енгізуге 
сəйкес кіші медицина қызметкерлерін оқыту, медтехникамен жұмыс істеуді үйрету. 


Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
27 
Болашақ дəрігердің медициналық құралдарды меңгеру жолындағы ақпараттық қызметке
қажетті білімдер мен дағдылар: 
1. Ақпарат көздерінен халық денсаулығын дұрыстауға бағытталған жəне медициналық 
технологияның дамуына ықпал ететін жаңалықтарды анықтау, пайдалануға ұсыну. 
2. Медициналық ақпарат көздерінен ғылым мен техника, физика мен медициналық техника 
жаңалықтарын жинау, өңдеу, талдау жəне оны қолдану. 
3. Медициналық технологиялық процестерді басқаруды автоматтандыруда компьютерлік 
бағдарламаларды пайдалану. 
4. Медициналық 
технологиялық 
мəліметтерді 
өңдеуде 
қолданылатын 
электрондық
машиналарды қажетті ақпарат мəліметтерімен қамтамасыз ету. 
5. Медициналық технологиялық ақпарат алуда интернетті қолдану. 
6. Ақпараттар көзі ретінде жəне медициналық мəліметтер алмасуда жақын, алыс шет елдердегі
медициналық сайттарды қолдану. 
7. Медициналық 
рефераттық, 
ғылыми-медициналық, 
медициналық 
техника 
туралы
журналдармен, монографиялармен жұмыс істеу. 
Болашақ дəрігердің медициналық құралдарды меңгеру жолындағы
педагогикалық қызметке қажетті білімдер мен дағдылар тізімі: 
1. Мамандыққа дайындаудың негізгі педагогикалық принципі: «не үшін оқытамыз, не нəрсеге 
үйретеміз жəне қалай оқытамыз» сақталуы. 
2. Болашақ дəрігер дайындауда, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа ғылыми-
педагогикалық теориялар мен тұжырымдарды қолдану. 
3. Болашақ дəрігерлерді дайындауда, оқу процесінде медициналық техниканы қолданудың оқу-
əдістемелік негізін қалыптастыру жəне оларды меңгертуге қажетті педагогикалық
шарттарды қолдану. 
4. Білім беру процесінде студенттердің танымдық іс-əрекетін дамытуға арналған шаралар
ұйымдастыруды (өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру, проблемаларды шешу 
жолдарын іздеу, ғылыми ізденуге баулау т.б.). 
5. Студенттерде клиникалық ойлау жүйесін қалыптастыру. 
6. Оқулықтар жəне интернетпен жұмыс істеу жəне ондағы мəліметтерді жинақтай алу жəне оны 
білім беру ісінде орынды қолдана білу. 
7. Медициналық техниканы оқытуда білім берудің инновациялық əдістерін қолдану. 
8. Медициналық техникаларды қолдануды нақты жағдайға жақындату арқылы оқыту. 
9. Тəжірибелік сабақтарда студенттердің қажетті медициналық техникаларды дұрыс таңдауын 
қамтамасыз етудің педагогикалық əдістерін білу. 
10. Студентердің медициналық техникаларды өз бетерінше қолдануын қамтамасыз етудің
педагогикалық əдістерін қарастыру. 
Сонымен, біз медициналық жоо студенттерінің болашақта меңгеретін мамандықтарына сəйкес
медициналық техниканы меңгеруге қажетті 62 түрлі білім мен дағдылар көрсеткішін анықтадық, 
оның 18 — диагностикалық сипатта, 16 — терапиялық, 7 — ғылыми-зерттеушік қызметті көрсетеді, 
4 — ұйымдастырушылық, 7 — ақпараттық қызметке сəйкес келеді, ал дəрігердің педагогикалық
саладағы қызметіне қажет дағдылар 10 түрлі көрсеткішпен сипатталады.
Осы кезеңге дейін жүргізілген педагогикалық ғылыми зертеулер, медициналық жоо 
студенттеріне осы аталған білім мен дағыларды меңгертуде олардың танымдық іс-əрекетін дамыту
қажеттігін көрсетіп отыр. Осы бағыттағы ғылыми-педагогикалық ізденістердің əдіснамалық негізі 
ретінде таным белсенділігінің кез келген тұлғаға тəн жəне ол тұлғаның негізгі сипаттамасы 
болатындығын 
зерттеген 
Л.С.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн, 
К.А.Абдульханова-Славская, 
В.С.Мерлин, В.Д.Небыличин, Е.Вирсма, Д.Ж.Гильфорд, Л.Терстон, Г.Хейманс ғылыми еңбектерін 
алуға болады. 
Қазіргі уақытта болашақ мамандардың танымдық іс-əрекетін дамыту шарттары мен жолдарын 
анықтау көп жақты проблема ретінде қарастырылуда жəне ол бірнеше бағытта жүргізілуде:
танымдық белсенділіктің негізі ретінде жеке тұлғаның қабілетін қарастыру — Б.Г.Ананьев, 
Р.А.Низамов, Н.Д.Левитова, А.Ф.Эсаулов, Т.С.Сабыров, т.б.; танымдық белсенділікті арттырудың 
факторы ретінде білім беруде проблемалық ситауцияны қолдану — И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, 


Ү.А.Байзақ 
28 
Вестник Карагандинского университета 
М.И.Махмутов, Оконь В. т.б.; танымдық белсенділікті қалыптастырушы ретінде өздік жұмыстарды 
қарастыру — П.И.Пидкасистый, В.Граф, И.И.Ілиясов, В.Я.Ляудис, М.Г.Гарунов, О.Н.Яхно, 
Н.Б.Жаманқұлова, т.б.; тұлғаның танымдық белсенділігін оның танымдық іс-əрекеті арқылы 
дамыту — В.В.Давыдова, Н.А.Менчинская, Д.Б.Элькони т.б.; мектеп пен жоғары оқу орындарында 
білім беру процесінде білім алуға талпынуды жетілдіру арқылы танымдық белсенділікті дамытуға 
болатындығын Половникова Н.А., Кулагина Г.Н., Жұматаева Е. т.б. еңбектерінде қарастырған. 
Сонымен қатар Л.А.Быкова, Н.А.Ардаматский, В.И.Каган, О.С.Анисимов, А.А.Бодалева, А.А.Деркач, 
В.Г.Зазыкина, Н.В.Кузьмина, тағы басқалардың ғылыми еңбектері болашақ маманның танымдық 
белсендімін дамыту жəне оны қалыптастыру жоғары оқу орындарындағы білім беру процесінің
негізі екендігін көрсетіп отыр жəне осы арқылы болашақ мамандардың танымдық іс-əрекетін
жоспарлау жəне ұйымдастыру, кəсіби шеберлігінің шыңдалуы мен дамуын қамтамасыз етуге 
болады жəне бұл ең өзекті мəселе болыр отыр. Өйткені өндірістің алға қарай дамуы, жаңа техника 
мен технологияның медицина саласына тереңдеп енуі сияқты процестер адамның интеллектуалдық 
мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілетінің жоғары болуын талап етеді, ал өндірісті ары қарай 
дамытуда мұндай қабілеттің болуы — негізгі шарттардың бірі. Олай болса, студенттердің — 
болашақ мамандардың білімін, біліктілігін, дүниетанымын кеңейтуде олардың танымдық іс-
əрекеттерін алдын ала жоспарлау мен оны дұрыс ұйымдастырды, тек оқу процесіне қажеті
педагогикалық əдіс деп қарамау керек, оны қоғамдық мəні зор іс шара деп қараған дұрыс.
Студенттердің танымдық іс-əрекеті жəне оны дамыту күрделі процестер қатарына жататыны 
белгілі, ол белгілі іс-əркеттерден, оның мақсаты мен қорытындысынан, оны іске асыру əдістерінен, 
мотивтерден тұрады. Жалпы студенттерінің танымдық іс-əрекетін дамыту мен оны одан ары 
жетілдіруде негізгі қозғаушы фактордың бірі — білім екендігі белгілі. Осыған сəйкес «танымдық іс-
əрекетте білімнің алатын орны қандай?» деген сұрақ туындайды Жеке тұлғаны танымдық іс-əрекетке
итермелейтін қозғаушы күш оның танып-білуге құлшынысы мен осы процесс əсерінен туындайтын 
қарама-қайшылықтар себеп болатыны белгілі, ал осы іс-əрекеттерді бағдарлайтын, бағыттайын жəне 
іс-əрекетті жоспарлау мен бақылаудың психологиялық негізін құраушыны білім деп санайды. 
Болашақ мамандардың танымдық əрекетін зерттеген В.И.Каган, И.А.Сычеников, Л.А.Быкова, 
С.А.Калашникова білімді танымдық процестің негізгі бағыттаушысы ретінде қарастырған [8–10].
Сонымен, игерілген (қабылданған) алғашқы білім шамасын тұлғаның танымдық іс-əрекетін 
орындауға бағыт беруші, бағдарлаушы жəне оны жоспарлаудың психологиялық негізі мен 
бақылаушы ролін атқарушы ретінде қарастырған жөн. Студенттің меңгерген теориялық білімін 
немесе практикалық дағдыларын одан ары қарай толықтыруға бағытталған танымдық іс-əрекетті
жасауы үшін, оның алдын ала белгілі бір білім порциясын игерген жəне соған сəйкес практикалық 
дағдыларды меңгерген болуы тиіс, тек сонда ғана ол танымдық іс-əрекетті саналы түрде 
ұйымдастырып, жоспарлы түрде жүргізеді, нəтижесінде оның меңгерген білім деңгейі одан ары 
артады. Олай болса, білімді танымдық іс-əрекеттің педагогикалық процестегі қозғаушы күштің бірі 
ретінде санаған дұрыс. Мысалы, диагнозы анықталған науқасты емдеуге қажетті медициналық 
құралды таңдаудан бұрын студент: 
 осы ауруды емдеуде қолданылатын физикалық факторды; 
 оны өндіретін медициналық құралды; 
 оны жұмысқа дайындауды жəне онымен емдеу іс-шарасын орындауды білуі қажет.
Мұндай мəліметсіз студенттің аталған міндетті ойдағыдай орындауы жəне осы іске қажетті 
дағдыларды игеруі мүмкін емес, олай болса бұл мəліметтер, яғни білім студентті танымдық іс-
əрекетке итермелеуші күш жəне ол терапиялық іс-əрекетті орындауға қажетті танымдық процестің 
негізгі бағытын көрсетуші болып саналады. Бұл танымдық фактор студентті одан ары қарай 
қолданылған физикалық фактордың адам ағзасына əсері жəне оның физикалық сипаттамаларымен 
қатар, мұндай ауруды емдеуде мұнан басқа қандай физикалық факторларды жəне медициналық 
құралдарды қолдануға болатындығы туралы мəліметтерді іздеуге жəне білуге итермелейді. Бұл 
процесті үш деңгейден тұрады деп санауға болады: 
 бірінші деңгейде студент алғашқы кəсіби теориялық білімді игереді жəне соған сəйкес 
дағдыларды меңгереді; игерген теориялық білімі мен меңгерген практикалық дағдыларын 
пайдаланып, оқытушы басшылығымен медициналық құрал арқылы кей медициналық 
манипуляцияларды орындайды;
 екінші деңгейде теориялық білімі мен дағдыларын одан ары жетілдіреді, студент медициналық 
құрал арқылы кей медициналық іс-əрекетерді жеке орындайды; 


Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
29 
 үшінші деңгейде студент мамандықтың мемлекеттік білім стандартында көрсетілген
міндеттер мен талаптарды медициналық құрал арқылы толығымен жеке орындай алады. 
Студенттің танымдық іс-əрекет барысында алғашқы білімі оқу процесі барысында 
толықтырылып 
отырады, 
мысалы, 
медициналық 
биофизика 
курсында 
өтілетін 
«Электрокардиографияның физикалық негізі» тақырыбында болашақ дəрігерлер жүрек 
биопотенциалының табиғатын Эйнтховен теориясы негізінде қарастырады, оның уақытқа сəйкес
графигін алуды, оны белгілеуді оқытушы басшылығымен үйренеді, алынған кардиограммадан сəйкес 
тістердің биопотенциалының шамасын есептейді жəне оны қалыпты жүрек биопотенциалымен
салыстырып талдайды. Осылайша меңгерілген дағдылар кейінгі курстарда, атап айтқанда, ішкі 
аурулар пəніндегі «Клиникалық ЭКГ негіздері, миокард инфаркты жəне жүрек ритмінің бұзылуы
кезіндегі ЭКГ», терапия 
курсындағы «Жүрек қарыншасының гипертониясы, инфарктың əр түрлі 
даму сатысындағы ЭКГ», «Жүрек ақауы, перкардит жəне тағы басқа əр түрлі аурулар кезіндегі ЭКГ»
тақырыптарда
өз жалғасын тауып, алғашқы игерілген кəсіптік білімнің негізі онан кейінгі курстарда 
толықтырылып, практикалық дағдыға айналады, бұл қағиданың дұрыстығын осы бағытта жүргізілген
педагогикалық ғылыми зерттеу нəтижелері дəлелдеп отыр. Осы фактілер танымдық іс-əрекеттің
негізгі қозғаушы күші — білімді болашақ маманның танымдық белсенділігін дамытуда, өзіндік 
орны бар, педагогикалық фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, студентің танымдық белсенділігі оған алдын ала берілген немесе оның игерген
білімің шамасы мен құрылымына тəуелді болады. Шын мəнінде студентке ұсынылған білім, оған
тек бағыт пен бағдар ғана беретін қаңқа тəріздес, студент танымдық іс-əрекет барысында игерген 
білімі мен меңгерген дағдыларының құрылымы тереңдеп, мағынасы кеңиді. Мысалы, оқу процесі 
барысында студенттер тек А- ов немесе Б-ов науқастың ауруын ғана емдеуге қажетті медициналық 
құралды пайдалануды қарастырғанымен, студенттерді кез келген басқа ауруларға қажетті
медициналық құралдарды таңдаудың əдісін, яғни көптеген факторлардың ішінен қажеттісін таңдауды 
жəне анықтауды үйретеді. Ол үшін студенттер үшін дайындалған оқу-əдістемелік нұсқаулар мен 
құралдарда қарастырылатын жеке құбылыстарды, заңдылықтарды немесе медициналық құралдарды
тек жеке бір құбылысты зерттеуде қолданумен қатар, оны осы тəріздес басқа объектілерге 
қолдануды, яғни «жалқыдан жалпыға» принципі бойынша қарастыру қажет. 
Жалпы «білім-танымдық іс-əрекет-дағдылар» жүйесін бір тұтас деп санап, оны педагогикалық 
жүйе ретінде қарастырған жөн. Бұл жүйеге мемлекеттік білім стандарты, оқу жоспары, оқулықтар, 
оқу-əдістемелік нұсқаулар, оқу орнының профессор-оқытушы құрамының біліктілік деңгейі, жоо 
материалдық базасы, тағы басқа сияқты сырттан көптеген факторлар əсер етіп, оның дамуына 
ықпал етеді.
Cонымен қатар медициналық жоо жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу процесінде 
қарастырылатын тақырыптарда пəндік сипатпен қатар кəсіби бағыт қатар жүруінің танымдық іс-
əрекеттің, мотивацияның саналы, əрі сапалы түрде жүруіне зор ықпал ететіндігін көрсетіп отыр [11]. 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Республикалық оқу-əдістемелік бірлестік (РОƏБ) 
республика көлеміндегі барлық медициналық жоо үшін студентерге арналған оқу-əдістемелік 
нұсқаулардың бірыңғай үлгісін дайындап ұсынған жəне оқу процесін сол үлгі бойынша өтілуін əр 
уақытта қатаң қадағалап отырады.
Бұл үлгіге сəйкес (7 қараша 2003 ж. ҚР Медициналық оқу 
орындарының РОƏК талқыланып, бекітілген) барлық пəндер (жаратылыстану, медицина) бойынша 
өткізілетін зертханалық жұмыстарды орындау алдын ала белгілеген тəртіп, яғни алгоритм бойынша 
жүргізіледі, біздің ойымызша, мұндай əдіспен студенттердің танымдық белсенділігін дамыту
мүмкін емес, керісінше, оның дамуын тежейді. Осы жағдайды ескеріп, медициналық биофизика мен 
медтехника пəні бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарға арналып жаңа типті, студенттердің
танымдық белсенділігін арттыратын оқу құралдары мен оқу-əдістемелік нұсқаулар дайындалды 
жəне олар сабақтарда пайдаланылды.
Бұл жерде мына мəселеге баса назар аудару қажет сияқты, жоғарыда аталған РОƏБ ұсынысына 
сəйкес дайындалған оқу-əдістемелік нұсқауда дидактикалық заңдылықтар сақталған, бірақ оның 
көптеген элементтері ескерілмеген, əсіресе студенттерді танымдық іс-əрекетке бағыттаушы жəне 
ізденушіліке бастайтын тапсырмаларды беру қарастырылмаған.
«Медициналық биофизика» пəні бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстар үшін оқу-
əдістемелік нұсқаулар жоғарыда аталған ойды басшылыққа алып қайта дайындадық, яғни ҚР 
Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық оқу-əдістемелік бірлестігін ұсынған студентерге 


Ү.А.Байзақ 
30 
Вестник Карагандинского университета 
арналған оқу-əдістемелік нұсқауларға студенттің танымдық белсенділігін арттыратын элементтер
қосылып, студентерді ізденушілікке итермелейтін проблемалық жағдайларды қарастырдық.
Осындай үлгіде дайындалған «Жоғары жиілікті электромагниттік өрістің диэлектрик пен 
электролитке əсерін зеттеу» атты зертханалық жұмысты қарастырайық. Аталған зертханалық жұмыс 
студенттерде танымдық, ізденімпаздық іс-əрекетті тудыратын элементермен толықтырылды, яғни 
студенттердің орындаған тапсырмаларына ұқсас, бірақ зерттеу объектісі ретінде басқа түрдегі 
денелер (диэлектрик пен электролиттің орнына сүйек жəне бұлшық ет) ұсынылады. Студенттер бұл 
жұмысты орындаудан бұрын температураларды əр түрлі құралдармен жəне əдістермен өлшеуді 
меңгергені ескеріліп, зерттелетін объектілердің температурасын өлшеудің жаңа схемасын дайындау 
тапсырылады, өйткені диэлектрик пен электролиттің температурасын өлшейтін құралмен сүйек пен
еттің температурасын өлшеу мүмкін емес, сондықтан студенттер өткен сабақта қарастырылған 
температураларды өлшеудің басқа əдісін (жартылай өткізгішті термометрлерді) қолдануды
ойластырады. Осы тақырыпқа сəйкес игерген теориялық мəліметерін зерттеу жұмыстары 
нəтижесімен салыстыру, оған талдау жасау, оны ғылыми мақала түрінде дайындау тапсырылған. 
Сонымен қатар студенттердің игерген теориялық білімін қолдануды тексеру жəне жетілдіру 
мақсатында есептер берілген. Интеллектуалдық мүмкіншілігін дамыту, болашақтағы кəсіби 
мамандығына сəйкес медициналық тақырыптағы ғылыми мақалалардан тиісті мəліметтерді жинау, 
анықтау, шолу жасау, т.б. танымдық іс-əрекеттерді талап ететін тапсырмалармен толықтырылды.
Осы ғылыми жұмысты жүргізу барысында медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің 
«Медициналық биофизика» пəні бойынша қалдық білімін анықтау үшін жүргізілген біздің 
зерттеулеріміздің нəтижесі жоғары курс студентерінің төменгі курстарда өткен тақырыптардағы 
мəліметтерді есте сақтауының төмен дəрежеде екендігін анықтады. Мысалы, 5 курс студенттері дем 
алудың физиологиялық механизміндегі газдардың динамикалық заңдылықтарын орнын (тыныс алу 
мүшелерінің аурулары), тамырларындағы қан ағуындағы гидродинамиканың маңызын (гематология), 
иондаушы жəне радиациялық сəулелердің өлшем бірліктері арасындағы байланысты (сəулелік 
диагностика курсында), ЭКГ тістерінің белгіленуін жəне пайда болуының физикалық механизмін 
түсіндіре алмады («Жүрек қан-тамыр аурулары» тарауы бойынша), ал физиотерапия курсында олар
жоғары, аса жоғары токтар мен тұрақты токтың əсерлерінің физикалық табиғатын жəне олардың
арасындағы айрымашылықты шатастыратындықтарын анықтадық. 
Біздің ойымызша, мұндай кемшіліктердің орын алуының негізгі себептері ретінде білім беру 
процесіндегі педагогикалық, дидактикалық технологиялардың сақталмауын, студентті танымдық іс-
əрекеттке баулауды дұрыс ұйымдастырылмауынан болатындығын атауға болады, мұндай 
құбылыстар білім беру процесінің əсерінің нашарлауына алып келеді, ал ол өз кезегінде болашақ 
маманның біліктілігінің төмендеуіне себепкер болады.
Осы бағыттағы педагогикалық ғылыми еңбектерге жасалынған талдаулар мен жоғарыда 
байқалған кемшіліктерді қорытындай келе, мына жайтты анықтадық: оқу процесінің тиімділігін 
арттыру үшін, студенттердің білім алу əрекетінің психологиялық ерекешеліктеріне сəйкес 
дидактикалық əдіс-тəсілдерді қолдану, оқытудың дамытушылық қызметін толық пайдаланып, 
студенттердің танымдық іс-əрекетін жетілдіруі жолдарын қарастыру керектігін көрсетті [11, 12].
Сонымен, студенттің танымдық іс-əрекетін жетілдіру, біріншіден, оның танып-білуге 
құлшынысына, яғни білім алудағы белсенділігіне, екіншіден, болашақ маманның игеруге жəне 
меңгеруге тиісті теориялық, практикалық дағдыларын жəне оның заман талаптарын толық 
қанағаттандыруын дұрыс жоспарлауға, яғни жоғары білім стандарты мен типтік бағдарламаға,
үшіншіден, білім беру процесін белгілі бағытта дұрыс ұйымдастыруға тəуелді.
Медициналық жоғары оқу орнында студенттердің танымдық белсенділігінің психо-
дидактикалық ерекшеліктеріне жүргізілген талдаулар мен педагогикалық процестің бір тұтастығы 
теориясы негізінде анықталғандай, медициналық техниканы игеруде студентті танымдық іс-əрекетке
итермелейтін факторлар ретінде мыналарды атауға болады: 
 болашақ маманның медтехника пəнін кəсіби бағыттағы іс-əрекетке қажеттілігін сезінуін;
 клиникалық кафедраларда білім алуға қажетті медициналық биофизика жəне басқа да іргелі 
(фундаменталды) пəндер бойынша теориялық мəліметтердің болуын; 
 студент интеллектісінің білуі жəне меңгеруі тиісті дағдыларды игеруге қажетті деңгейде
болуы; 
 игерген кəсіби білімін, меңгерген дағдыларын оқу процесі кезінде практикада қолдана алуы 
мүмкіндігінің болуы;


Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
31 
 мамандыққа сəйкес дайындалған мемлекеттік білім стандартының болашақ мамандарға 
қоятын талаптары мен міндеттерімен таныс болуы; 
 мемлекеттік білім стандартының болашақ мамандарға қоятын кəсіби талаптарының анық, дəл 
жəне нақты көрсетілуі; 
 болашақ мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін оқу-əдістемелік құралдардың болуы;
 оқытушы-профессорлар құрамының медициналық техника бойынша біліктілік деңгейінің 
жоғары болуы. 
Бұл аталған факторлар студенттердің танымдық іс-əрекетін дамытуға жəне оны игеру 
белсенділігін арттыруға ықпал ететін педагогикалық іс-əрекеттің негізгі құрылымын анықтайды. 
Осындай факторларды басқа да зерттетушілер ұсынып отыр [13, 14]. 
Студенттердің танымдық белсенділігінің құрылымын анықтауды танымдық іс-əрекетінің 
теориялық жəне практикалық сипаттамаларын жəне болашақ мамандарды даярлаудың
педагогикалық шарттарын ескере отырып, педагогикалық компоненттердің жиынтығы түрінде 
қарастырдық. Бұл жиынтық мотивациялық, мазмұндық, интеллектуалдық, кəсіби-мамандық  жəне іс-
əрекеттік  болып бөлінеді.
Сонымен, студенттердің танымдық белсенділігінің бірінші құраушысы — мотивацияны, 
студенттердің пəнді оқып білуге құлшынысы кəсіби қажеттіліктің тууынан жəне сұраныстың
болуынан деп, ал оны сипаттайтын көрсеткіштер ретінде: 
1. Болашақ дəрігердің «Медициналық биофизика» пəні мен медициналық техника курсын оқып 
меңгерудің қажеттілігін сезінуі. 
2. Диагностика мен емдеу процесі физикалық факторлардың əсерлеріне негізделген құбылыс 
екендігін сезіну, пəнге оң көзқарасты қалыптастыруы. 
3. Жаңа білімді игеруге, жаңа дағдылар мен іс-əрекеттерді меңгеруге ұмтылу. 
4. Ауруханаларда, емханаларда медициналық техникаларды қолдану факторлары. 
5. Физика мен техниканың жəне компьютерлік технологияның соңғы жетістіктеріне негізделген 
жаңа тұрпаттағы медициналық техникалардың қолдануды аламыз.
Танымдық белсенділіктің екінші мазмұндық құраушысын студентердің пəнді меңгеруіне 
қажетті білімдер қорының қажетті жиынтығы құрайды деп, ал оны сипаттайтын көрсеткіштер
ретінде: 
1. Кəсіби жəне арнаулы пəндер үшін негіз болатын медициналық биофизика, т.б. пəндер 
бойынша білім қорының белгілі деңгейінің болуы. 
2. Адам ағзасының өмір сүруінің негізгі заңдылықтарын білуі. 
3. Физикалық факторлардың биологиялық жүйлерге тигізетін əсерін білуі. 
4. Медициналық техникада қолданылатын физикалық факторлардың сипаттамаларын білу мен 
олардың шамасын анықтай алу. 
5. Медициналық техникаларды техникалық сипаттамаларын білуін аламыз. 
Интеллектуалдық құраушыны сипаттайтын көрсеткіштер ретінде:
1. Медициналық техника туралы мəліметтерден, ақпараттардан негізгі жəне басты ойларды 
бөліп алу жəне оларды салыстыру. 
2. Медициналық техникалар арқылы анықталған физика-химиялық жəне биологиялық 
мəліметтерді өңдеу нəтижесіне талдау жасау. 
3. Медициналық техникалармен тəжірибелер мен зерттеулер жүргізе алу. 
4. Медициналық техникалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін білу. 
5. Жаңа бағыттағы медициналық техникаларды жасалуын болжай алуын жатқызамыз. 
Студентті танымдық іс-əрекетке итермелейтін жəне белсенділігін арттыратын төртінші құраушы 
кəсіби-мамандық мемлекеттік білім стандартында көрсетілген болашақ мамандардарға қойылатын 
талаптардың тізімдері жəне пəндер бағдарламаларындағы міндеттер құрайды жəне оны сипаттайтын
көрсеткіштер ретінде:
1. Мамандықтың мемлекеттік білім стандарты талаптарына сəйкес болашақ маманның
медициналық техникаларды игеруге қажетті теориялық білімдері мен меңгеретін практикалық іс-
əрекеттері. 
2. Болашақ маманның атқаратын қызметтеріне сəйкес медтехникамен орындайтын талаптар 
мен міндеттер тізімі. 
3. Жоо оқу жоспарына енгізілген қосымша пəндер (медтехника бойынша) бойынша білуі мен 
игеруге тиісті іс-əрекеттер мен дағдылар тізімі. 


Ү.А.Байзақ 
32 
Вестник Карагандинского университета 
4. «Медициналық биофизика» жəне клиникалық пəндердің типтік бағдарламаларына сəйкес 
болашақ маманның медтехника бойынша білуі мен меңгеруі тиісті мəліметтері мен икемділіктері. 
5. Арнаулы медициналық техника курсы бойынша медициналық құралдарын игеруге қажет 
болатын теориялық жəне практикалық мəліметтерді білу. 
Танымдық белсенділіктің соңғы құраушысы іс-əрекет, ол оқу процесі барысында студенттің 
меңгерген практикалық дағдыларын сабақта, зертханада, клиникалық пəндерде т.б. жағдайларда
қолдануға жəне осы арқылы білім деңгейін көрсетуге міндетті болуынан жəне сол арқылы игерген 
білімі мен меңгерген дағдыларын кəсіби мақсатта пайдалануға мүмкіндіктердің туындауын атаймыз 
жəне оны сипаттайтын көрсеткіштер ретінде:
1. «Медициналық биофизика» пəні мен медициналық техника курсын кəсіби жəне танымдық 
мақсатта қолдана алу. 
2. Диагностикалық жəне терапиялық мақсатқа сəйкес медициналық техниканы таңдай алу 
жəне пайдалана білу. 
3. Терапиялық жəне диагностикалық мақсатта медициналық техникалардың мүмкіндігін толық
пайдалана алу.
4. Медициналық техниканың электрлік схемаларын талдай алуы, құрылысын білу. 
5. Диагностика мен емдеу істерінде физика мен техниканың, телекоммуникацияның соңғы
жетістіктерін қолдана алуды жатқызамыз. 
Сонымен, біз болашақ дəрігердің медициналық техниканы меңгерудегі іс-əрекеттің белсенділігін 
сипаттайтын жəне оның деңгейін арттыратын 5 компоненттен жəне 25 көрсеткіштен тұратын
құрылымды анықтадық. 
Əдебиеттер тізімі 
1 Бабанский Ю.К. Педагогика. — М.: Просвещение, 1983. — 236 с. 
2 Новиков А.М. Профессиональное образование в России. — М.: Педагогика, 1997. — С. 45. 
3 Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подготовки. — М.: 
Просвещение, 1976. — 160 с. 
4 Бирюкова А.Н. Подготовка к решению профессиональных задач студентов медицинских вузов при обучении физике 
с учетом междисциплинарной интеграции: Автореф. дис. ... канд. пед.наук. — 13.00.02. — М., 2013. — 24 с. 
5 Адыширин-Заде К.А. Технология формирования готовности будущих врачей к использованию современного меди-
цинского оборудования: Автореф. дис. ... канд. пед. наук: 13.00.08. — Самара, 2012. — 23 с. 
6 Тарасова А.В. Физический практикум как средство формирования профессиональных компетенций студента меди-
цинского вуза: Автореф. дис. ... канд. пед. наук: 13.00.02. — М., 2012. — 23 с. 
7 Талызина Н.Ф. Теоретические основы разработки модели специалиста. — М.: Высш. шк., 1982. — 36 с. 
8 Каган В.И., Сычеников И.А. Основы оптимизации обучения в высшей школе. — М.: Высш.шк., 1987. — 143 с. 
9 Быкова Л.А. Основы теории обучения в медвузе. — Л.: Изд. ЛГУ, 1975. — 59 с. 
10 Калашникова С.А. Особенности изучения курса физики студентами-стоматологами медицинского вуза // Учен. зап. 
Забайкал. гос. ун-та. — 2010. — № 2. — С. 48–55. 
11 Карпов Н.А., Краснов А.В. и др. Методы активизации познавательной деятельности студентов старших курсов при 
изучении инфекционной патологии // Материалы межрегион. и межвуз. науч.-метод. конф. «Современные проблемы 
качественного образования в высшей школе», КГМА, РФ. 01-02.02.07 г. — Киров, 2007. — С. 66, 67. 
12 Камакин Н.Ф. Способы активизации познавательной деятельности студентов на теоретических кафедрах 
медицинских вузов // Материалы межрегион. и межвуз. науч.-метод. конф. «Современные проблемы качественного 
образования в высшей школе», КГМА, РФ. — 01-02.02.07 г. — Киров, 2007. — С. 68, 69. 
13 Сыздықов О. Болашақ инженердің кəсіптік-технологиялық даярлығын жетілдірудің дидактикалық негіздері: Пед. 
ғыл. д-ры ... дис.: 13.00.08. — Алматы, 2001. — 291 б. 
14 Бондаренко А.Л. Актуальные вопросы повышения качества высшего медицинского образования на современном 
этапе // Материалы межрегион. и межвуз. науч.-метод. конф. «Современные проблемы качественного образования в высшей 
школе», Киров. Гос. мед. Акад., 1–2 февр. 2007 г. — Киров, 2007. — С. 14–16. 


Медициналық биофизика пəнін… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
33 
У.А.Байзак 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет