№2(78)/2015 Серия педагогика


Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тəрбие үдерісіндегі денсаулық сақтау



Pdf көрінісі
бет27/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185
 
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тəрбие үдерісіндегі денсаулық сақтау 
технологияларының ерекшеліктері 
Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар 
денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен 
авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау 
технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық 
тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, 
əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты 
мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі 
міндеттердің бірі болып саналады.
Кілт сөздер: мектепке дейінгі ұйым, денсаулық сақтау технологиясы, дене шынықтыру, медициналық 
блок, сауықтыру іс-шаралары, дене дайындығы деңгейі, дене бітімінің жетілуі, психофизиологиялық 
ерекшеліктер, қозғалыс координациясы, қимыл-қозғалыс техникасы. 
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау — біздің мемлекетіміздің басымды 
шартарының бірі, ол жөнінде «Қазақстан – 2030» əлеуметтік даму стратегиясында жəне Қазақстан 
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты 
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында айтылған. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 
Заңына сəйкес, білім беру мекемелерінде өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын сақтауға жəне 
нығайтуға кепілдеме болатындай жағдай жасалуы керек. ҚР Білім беруді дамытудың 2011–2020 
мемлекеттік бағдарламасында оқыту жүйесіне жаңа педагогикалық, ақпараттық жəне денсаулық 
сақтау технологияларын енгізу қажет екендігі айтылған [1]. Осыған байланысты біздің зерттеу 
жұмысымыздың мақсаты мектепке дейінгі мекемелерде денсаулық сақтау технологияларын құру 
болды. 
Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі 
заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру 
бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында 
баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Мектепке 
дейінгі ұйымның оқу-тəрбие процесін денсаулық сақтау тұрғысынан ұйымдастыру мектеп жасына 
дейінгі балада денсаулықты сақтау мен нығайтуға тұрақты сұранысты тудырады. 
Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымның мақсаты — мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты 
дамыту. Мектеп жасына дейінгі баланың мектепке дейінгі ұйымда алған алғашқы қарапайым 
түсініктері оның болашақ өміріне қажетті, қолданылатын білім болуы тиіс. Бұл мақсатқа мектеп 
жасына дейінгі бала мен педагог денсаулығын көздейтін оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудың əдіс-
тəсілдерін жинақтаған денсаулық сақтау педагогикалық технологиясы арқылы жете алады. Мұғалім 
педагогиканың соңғы жаңалықтарын біле отырып, бала, ата-ана, медицина қызметкерлері мен өз 
əріптестерімен бірлесе отырып, өз жұмысын барлық педагогикалық процестің қатысушылары 
денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағыттап жоспарлайды. 


Мектепке дейінгі ұйымдардың… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
47 
Денсаулық сақтау технологиясын пайдаланудың қызметтерін кешенді жүзеге асыру оны сауатты 
ұйымдастыра білуге байланысты. Ол педагогтың келесі педагогикалық əрекеттерінен тұрады: 
диагностика мақсаткерлік, жоспарлау, жобалау, басқару, бақылау, талдаудан тұрады [2]. 
Денсаулық сақтау технологияларын құрайтын əр түрлі сауықтыру іс-шараларының бала 
денсаулығына позитивті əсерінің тиімділігі əдіс-тəсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты 
сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала денсаулығына бағытталғандығы тиімділігімен 
анықталады. 
Денсаулық технологиясы жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, «денсаулық сақтау 
технологиясы» ұғымы мектепке дейінгі ұйымның бала денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен 
шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріcтіреді. 
Денсаулық сақтау технологияларын ғылым, өнер ретінде жəне балаларды келешекте өз 
балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тəрбиелеу міндеті ретінде 
көрсетуге болады. 
Зерттеу жұмысы Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» мектепке дейінгі ұйымында қалыпты 
жағдайда өткізіліп жатыр. Жұмыс кезінде педагогтар, психологтар, физиолог, гигиенистар өздерінің 
ғылыми-тəжірибелік зерттеулерінде қолданатын психология-педагогикалық, физиология-гигиеналық 
ақпараттық зерттеу əдістері пайдаланылды. 
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыс осы ұйымдағы балалар арасында бақылау жəне 
эксперименталды топтарда өткізілді. Зерттеу жұмысы дене шынықтыру сабағында, арнайы өңделген 
сауықтыру технологиясын қолдана отырып, бақылау жүргізу негізінде болды. 
Зерттеу жұмысына барлығы 5–6 жастағы 24 бала қатысты. Сонымен қатар зерттеу жұмысына 
дене шынықтыру нұсқаушысы жəне ұйымның тəрбиешілері қатысты.
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымның талабына сай 
өңделген дене шынықтыру сауықтыру технологиясының мектепке дейінгі жастағы балалардың дене 
бітімінің дамуына жəне дене дайындығының көрсеткіштеріне əсерін тексеру. 
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыс 2014 ж. сəуір жəне 2015 ж. қаңтар айлары аралығында өтті 
жəне 3 кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде (2014 ж. сəуір-мамыр айлары) балаларды бақылау жəне эксперименталды 
топтарға бөлу жұмыстары болды. Эксперименталды топты 5–6 жас аралығындағы 12 бала, бақылау 
тобын 12 бала құрады. Алғашында бақылау жəне эксперименталды топтардағы мектепке дейінгі 
балалардың дене бітімінің дамуының деңгейіндегі ерекшеліктерді анықтау үшін зерттеу жұмыстары 
жүргізілді. Мамыр айының 2–3 апталарында балалардың дене бітімінің жетілу деңгейін анықтауға 
байланысты жұмыс жасалды. Антропометриялық өлшемдер жүргізу барысында келесі көрсеткіштер 
анықталды: бойы (өлшеу дəлділігі 
0,5 см); дене салмағы (өлшеу дəлділігі 50 г); кеуде қуысының 
шеңбері (КҚШ) (өлшеу дəлділігі 
0,5 см). Өлшемдер жалпыға белгілі тəсілдермен жүргізілді [3]. 
Тəжірибелік-эксперименталды жұмыстың бұл кезеңінде, антропометриялық өлшемдер 
жүргізілгеннен кейін, бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың дене бітімінің жетілу 
көрсеткіштерінің нақты түрде айырмашылығы жоқ екені анықталды (1-кесте). 
1 - к е с т е


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет