Г.Қ.Белгібаева, Ж.Т.Жакенова
48
Вестник Карагандинского университета
құм салынған қапшықты қашықтыққа (м) сол қолмен лақтыру (салмағы — 200 г);
бір орыннан ұзындыққа секіру (см);
бір орында отырып, тығыздалған допты (м = 1 кг) екі қолмен бастан асыра лақтыру (см);
100 м қашықтыққа жүгіру (с);
алға-артқа жүгіру 10м х 3 рет (с);
5–5,5 жастағы балар үшін 120 м жүгіру (с); 6–6,5 жастағы балар үшін — 150 м жүгіру (с);
10 с ішінде отырып тұру (бірнеше рет);
3 м қашықтықтан себетке (биіктігі = 30 см, диаметрі=50 см) «астынан екі қолдап» тəсілін
қолданып допты (диаметр=20 см) 5 рет лақтыру (дəл түсу саны есепке алынады);
көзді жұмып түзу жолмен жүру (10м х 30 см) (м);
қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап иық буынын айналдыра қозғау (см);
отырып, бастапқы орыннан алдыға еңкею (см).
Дене дайындығын анықтау үшін, дене бітімінің (координациялық, шапшаңдық,
жылдамдық-
күштілік, икемділік, жалпы төзімділік) жетілу деңгейін анықтайтын, балалардың дене қабілеттілігін,
яғни көру-моторикалық координацияның жетіспеуін, кеңістікте бағдарлай білуін, жұмыс қабілеттілігі
мен
төзімділікті; көз өлшемінің жəне дене
қозғалысын реттеудің бұзылуын;
сырттағы белгілерге
əсерінің төмен болуын, ескеретін арнайы тестер таңдап алынды [6, 7].
Тестер нəтижесі бойынша, тəжірибелік-эксперименталды
зерттеу жұмысының алғашқы
кезеңінде, бақылау жəне эксперименталды топтардағы балалардың
дене дайындығының көрсеткіш
деңгейлерінде айырмашылықтың аса көп болмағаны анықталды (2-кесте).
2 - к е с т е
Достарыңызбен бөлісу: