216
Сүннет. Сунна.
«Бизарурат қоймаңыз сүннетімді,
Қаза
қылма ораза, намазыңды» (Бабалар сөзі // Діни дастан).
Сүпілеу. Сүфілеу. Дем салған кезде Құран аяттары және Мұхаммед пайғам-
бар хадистерінен дұға оқығаннана «сүп» деп үрлеу.
Сүр روصلا – керней. Сүр үрілу – дүниеде ең ақырғы болатын жағдай. Бұл істі
Аллаһ тағала Исрафил періштеге жүктеген.
Сүре (сура) ةروسلا – Құранның бір бөлігі (тарауы), бірнеше немесе көптеген
аяттар жиынтығы. Араб тілінде «сүре» сөзі «дәреже», «орын» деген мағыналарды
береді. Құранда бір жүз он төрт сүре бар. Бұл сүрелердегі аят сандары әртүрлі. Ең
қысқа «Кәусар» сүресі үш аяттан тұрса, ең ұзын «Бақара» сүресі екі жүз сексен
алты аяттан тұрады әрі «Бақара» сүресінің көпшілік аяттары ұзын және Құрандағы
ең ұзын аят та осы сүреде келген.
Сүтана – анасынан басқа нәрестені емізген әйел.
Сұнғат. Жаратылыс. Сұнғати Құдай. Аллаһтың жаратқаны.
«Құдай тағала ешбір нәрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп, тәфаккару
фи әла иллаһи деген хадиске бинаән бұл сұнғати Құдадан ізерлеп құмар болып ғиб-
ратланушыларға тыю жоқ» (Абай, Тол. жин.).
Әс-Сыддық (әс-Сиддиқ) قيدصلا – шыншыл. Әбу Бәкірдің (Аллаһ оған разы
болсын) құрметті лақап аты.
217
Т
Табиғу табиғин نيعباتلا عبات – табиғиндердің көзін көрген буын өкілдері.
Табақа ةقبطلا – жастары шамалас және бір-бірінің ұстаздары бір немесе ұс-
таздары бір-біріне жақын ғалымдар тобы. Хадис ілімінде қолданылатын термин.
«Табақа» араб тілінде «саты», «қабат», «тап» және «дәреже» деген мағыналарды
береді.
Достарыңызбен бөлісу: