Сәске намазы. Сәске уақытында оқылатын нәпіл намаз. Қара: духа намазы.
Сәресі. Ораза кезінде аузы берік адамның ауыз бекіту үшін таң алдында
ішіп-жейтін асы. Мұхаммед пайғамбар: «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке
210
бар», – деген (Сахих әл-Бұхари, Сахих Муслим).
«Бұлар Абдыра бекетінен сәресі ішкен соң-ақ шығып кетісті» (I.Жансүгіров,
Шығармалар жинағы).
«Бозала таң болмай жатып-ақ шал мен кемпір шайды быжылдата қайнатып,
сәресіге Мәрзияны оятты» (Ш.Мұртазаев, Қара маржан).
«Бақыт қайда барасың?
– Сәресі, сақар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Сәресі ішуге барамын» (Қабан жырау// Алтын қазық).
«Сәресілерін асыға ішкен шалдар түйелер мен сиырларды алдарына сап ай-
дап, бірінің соңынан бірі құдық басына беттеді» (С.Санбаев, Аруана).
Сәресі уақыты. Түннің соңғы сәресі ішетін уақыты. Таң алдындағы алагеуім
кез.
«Сәресіде алдарына келген бір табақ қой етін шымшылап қана жегені болма-
са, Ақан мен Байбосынның тәбеті шаппады» (С.Жүнісов, Ақан Сері).
Сәһм مهسلا – үлес. Мирас ілімінде қолданылатын термин. Қайтыс болған адам-
ның мұрасына ие болатындардың үлесі. Қара: фард.
Сәһу وهسلا – жаңылысу, шатасу, бір істі аңғармай жасау.
Сәһу сәждесі وهسلا دوجس ،وهسلا ةدجس – намаз уәжібтерінің бірін қателесіп не ұмы-
тып тастап кеткенде, намаздың бір амалы артық орындалғанда және оқыған ракағат
санынан жаңылысқан жағдайда намаз соңында жасалатын екі сәжде.
Сәресі – ораза ұстауды ниет еткен адамның таң атпай тұрып ішетін тамағы.
Ол араб тілінде «сухур» деп аталады.
Сәресі (сухур) – таң алдындағы уақыт, мұсылмандар рамазан айында ауыз
тұтардан бұрын осы уақытта тамақтанады.
Сәрия ةيرس – Мұхаммед пайғамбар соғысқа әскер жасақтап, бірақ өзі аралас-
пай сахабаларды жіберген жорықтар. Сонымен қатар кез келген бестен үш жүзге
дейінгі жасақ та «сәрия» деп аталады. «Сәрия» сөзі араб тілінде «түнгі жорық» де-
ген мағынаны береді. Мұндай жорықтар көп жағдайда түнде орын алатындықтан,
ол «сәрия» аталып кеткен. Ал күндіз шығатын жорықтар «сәрия» (ةيراسلا) деп атала-
ды. Бұл екі сөздің араб тіліндегі жазылуында айырмашылық бар. Соңғы сөзде «сә»
әрпінен кейін созылыңқы «әлиф» әрпі бар.
Сәттар. Аллаһ тағаланың сипаты. Ол «күнәларды жасырушы» деген мағына-
ны білдіреді.Сегіз сипатының ішінде болмаса да, Аллаһ тағаланың Рахман, Рахим,
Ғафур, Уадуд, Хафиз, Сәттар, Раззақ, Нафиғ, Уәкил, Латиф деген есімдеріне бинаән
211
бір ұлығы сипатынан есептеуге жарайды (Абай, Тол. жин.).
Сәур тауы. Сәуір үңгірі. Меккенің оңтүстік тарапына орналасқан тау. Хижра
жыл санауы бойынша 622 жылы өміріне қауіп төндірген меккелік мүшріктердің
зорлығынан құтылып, Мәдинаға қоныс аударуды жоспарлаған Мұхммед пайғамбар
мен Әбу Бәкір артына түскен мүшріктерден жасырынып Сәур тауының басындағы
үңгірге тығылады.
Себеп ببسلا – себеп. Усул әл-фиқһ (Фиқһ негіздері) ғылымында оның бо-
луынан екінші нәрсенің болуы және оның болмауынан екінші нәрсенің болмауы
тиіс нәрсе «себеп» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |