220
Тарауих (тарауық, тәрәбі) намазы حيوارتلا ةلاص – рамазан айында құптан нама-
зынан кейін жамағатпен оқылатын, жиырма ракағатты бекітілген сүннет намазы.
Тарауих намазы ер және әйел кісілер үшін бірдей суннә муаккада (бекітілген сүн-
нет). Оны кейде «қиямул-ләйл» деп атайды. Себебі ол рамазаннан басқа кездердегі
түнде оқылатын намаздың орнына жүреді. «Тарауих» сөзі араб тіліндегі «дем алу»
деген түбірден шыққан. Сол себепті де бұл намаз «тарауих», яғни арасында дем
алатын деп аталған.
«Бақыт қайда барасың?
–
Тауарық намаз оқыған,
Көңіліне
аят тоқыған
Ниетті елге барамын» (Қабан жырау, Алтын қазық).
Таржиғ عيجرتلا – азан айтқан кезде алдымен іштей азанның бір сөйлемін ай-
тып алып, сосын дауыстап қайта айту. Азан айтқан кезде таржиғ жасау мәлики және
шафиғи мазһабтарында ғана бар. Ал барлық мазһабтарда қамат айтқан кезде тар-
жиғ жоқ.
Таржих حيجرتلا – таңдау, екі заттың бірін артық яки дұрыс деп есептеу. Егер екі
хадис бір-біріне сыртқы мағыналары қарама-қарсы болып келсе, ол екеуін бір-бірі-
не қарама-қарсы келмейтіндей мағыналарымен түсіндіреді немесе екі хадистің нені
меңзеп отырғандығын ашып береді. Егер сол екі хадистің мағыналарын бірі-бірі-
не қарсы емес мағынада түсіндіру мүмкін болмаса екеуінің бірін таңдайды. Міне
осыны «таржих» деп атайды. Көп жағдайда хадисті рауилердің сипаттарына қарап
дұрысын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: