Ақиреттік дос. Шынайы дос, достықтары бұл дүниелік мүдделер үшін емес,
ақыреттік өмір үшін достасқан жан.
«Қайғыдан өлсем, арман жоқ,
Ақиреттік жолдасым.
Көзімде жас қалған жоқ,
Кестеге сіңді бар жасым» (М.Жұмабаев, Шығ.).
Ақырзаман. Қиямет қайым жақын қалған кез. Бұл дүниенің аяқталуы тақаған
уақыт «ақырзаман» деп аталады. Ақырзаманда өмір сүру өте қиын болатындықтан,
кейде қиын-қыстау, берекенің қашып, адамдардың азғындалған уақыты да ақырза-
ман деп айтылады.
«Мынау ақырзаманда алуан-алуан жан шықты, арам, араз хан шықты; қай-
ыры жоқ бай шықты, сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ ақша деген мал
шықты» (М.Әуезов, Шығ.).
«Бастарында топан су, ақырзаман,
Бас көтере алмады қатын-балам.
Бөтелкелес «достардан» басқа жан жоқ,
Бөсіп кеткен кезімде мақұлдаған» (М.Мақатаев, Шығ.).
Алал. Адал. «Халал» сөзінің бір варианты. Араб тіліндегі ح әрпінің қазақ
тілінде жоқ болу себебінен «халал» сөзі қазақ тілінде ح әрпінің түсіп қалуымен не-
месе оның «х» әрпімен өзгертіп айтылуымен қолданылып жүр.
«Арамнан алған түйеден, Алалдан алған түйме артық» (Мақал-мәтел).
«Дәніккен соң бұл шіркін, алал бір дәм жегізбес» (Үмбетай жырау, Толғау).
Қара: халал, адал.
Аламату әл-фатуа. ىوتفلا ةملاع «Пәтуаның белгісі». Қандай да бір мәселеге
қатысты алуан түрлі көзқарастардың, үкімдердің арасынан пәтуаға лайықтысын
көрсететін сөз тіркестер (http://fatua.kz).
Аләйһис-сәләм. ملاسلا هيلع – Пайғамбарлар мен періштелердің аты аталғаннан
кейін оқылатын дұға. Мағынасы: оған сәлем болсын. Ислам әдебі бойынша, пай-
ғамбарлар мен періштелердің есімдері аталғаннан кейін оларға дұға жасау мақса-
тында осы тіркес айтылады.
Аләйһис-саләту уәс-сәләм. ملاسلاو ةلاصلا هيلع – Мұхаммед пайғамбардың аты
аталған кезде айтылатын дұға. Мағынасы: оған салауат пен сәлем болсын. Ислам
әдебі бойынша, Мұхаммед пайғамбардың есімі аталғаннан кейін оған дұға жасау
24
мақсатында осы тіркес айтылады. Көптеген кітапта «Аләйһис-саләту уәс-сәләм»
тіркесі қысқартылып (с.а.с.) немесе (с.ғ.с.) деп қолданылып жүр.