Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет18/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Алғашқы қуғуд. Намаз тарауында қолданылатын термин. Алғашқы қуғуд 
(алғашқы отырыс) ىلولأا ةدعقلا – үш не төрт ракағатты намаз оқыған кезде екінші 
ракағаттан кейінгі отырыс. Алғашқы отырыстың үкімі уәжіп болғандықтан, оны 
шатасып не ұмытып орындамай кеткен жағдайда намаз соңында сәһу сәждесі жа-
салады.
«Ханафи мен шафиғи мазһабтарында алғашқы және соңғы отырыста әйелдер 
екі аяғын оң жағына жіберіп, бір жамбастап отырады. Бұлай отыруды фиқһ ілімінде 
«тауаррук» деп атайды. Олар бір жамбастап отырса да, ерлер секілді саусақтарын 
тізелеріне жететіндей етіп қолдарын сандарының үстіне қояды» (Р.С. Мухитдинов, 
Фиқһ әл-ғибадат).
Алғашқы тәкбір. مارحلإا ةريبكت – намазды бастайтын кезде бірінші рет алына-
тын тәкбір. Қара: тәкбиратул-ихрам.
«Ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын) айт намазының тәкбірлері тура-
лы сұрағанда, ол: «(Бірінші ракағатта) Құран оқығанға дейін (алғашқы тәкбірге 
үшеу қосып) төрт тәкбір айтасың. Одан кейін Құран оқисың да, оны аяқтаған соң 
тәкбір айтып, рукуғқа барасың. Сосын екінші ракағатқа тұрып Құран оқисың. Оқып 
болғаннан кейін (тағы да) төрт тәкбір айтасың», – деген» (Әл-Бәйһақи, әс-Сунән 
әл-кубра).
Алқа зікір. Шеңбер сияқты айнала отырып Аллаһты зікір ету. ةقلح «алқа» сөзі 
араб тілінде «шеңбер», «дөңгелек» деген мағыналарды береді. Әйелдердің мой-
ындарына тағатын әшекейі де «алқа» деп аталады. Орта ғасырларда мұсылман ел-
дерінде мешіт-медреселерде шәкірттер ұстазды қоршай жартылай шеңбер ретін-
де отырып дәріс алатын болған. Осы әдіс қазірге дейін кейбір елдерде сақталып 
қалған. Кейіннен осылай айнала отырып өткізілетін жиындар алқа деп аталып кет-
кен. Соның негізінде алқа жұрт, алқа мәжіліс, алқаби, ақсақалдар алқасы, редакция 
алқасы, қазылар алқасы, алқа-қотан, алқалы жиын, алқалы той, алқалы топ деген 
ұғымдар пайда болған. 
Қазақ тілінің он бес томдық сөздігінде «алқа» сөзін «белгілі бір мақсатпен 
арнайы жиналған өкілеттілігі бар адамдардың жиыны» деп түсіндірген.
«Алқадан аянбайтын Базар едім
– Сайрайтын сандуғаштай жерін тапса» (Базар жырау, Шығ.). 
«Ағайынды бес жігіт алқа-қотан отыра қалып күнде ақылдасады» 
(Б.Тоғысбаев, Алдыңғы). 
Күйшілік өнері оны дәйім алқалы топқа итермеледі (Ә.Кекілбаев, Дала).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет