Мухитдинов на печать indd


Фиқһтанушы – фиқһ ілімінің маманы. Фирдаус



Pdf көрінісі
бет187/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Фиқһтанушы – фиқһ ілімінің маманы.
Фирдаус سودرفلا – жаннаттың орта тұсындағы, яғни ең жақсы жеріндегі бәрі-
нен жоғары орын. Фирдаус жаннаты – жаннатың төрі.
Фитна ةنتفلا – бүлік, ылаң, сынға түсу, азғыру, адамдар арасындағы татулықта-
рын бұзу үшін жасалған іріткі. Қара: іріткі.
Фитра ةرطفلا – тума сезім. Адамның бойында әу бастан бар, Аллаһтың бар 
екендігін сездіріп тұратын ішкі сезім. «Фитра» сөзі араб тілінде әу бастағы табиғи 
жаратылысты, әсіл болмысты білдіреді.
Фуруғ әл-иғтиқад. Ақида іліміндегі негізгі емес, қосымша тармақ мәселелері. 
Ақида негіздерінде (Усулул иғтиқад) ешқандай қарама-қайшылық (хилаф) болмайды. 
Ол Алланың барлығы, бірлігі, жаратылған нәрселерге ұқсамауы, естуі, көруі, мәңгі 
бар екені сияқты негізгі мәселелерді қамтиды. Осы мәселелерде ижтиһад жүрмей-
ді. Ал ақида тармақтарына (Фуруғул иғтиқад) келсек, бұған байланысты ғалымдар 
арасында лафзи (яғни сөздің қойылымы жағынан) қайшылық (әртүрлі пайым-
даулар) бар. Сондықтан бұл мәселелерде ғалымдар арасында ижтиһад болған 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).


242
Х
Х ح – егер бір хадистің екі немесе бірнеше сәнады болса және осы сәнадтар-
дың барлығын бір мәтіннің астына топтастыру керек болса, бір сәнаттан екінші 
сәнадқа көшетін кезде ح әріпін жазады және оны اح хә деп оқиды. 
Хабар ربخلا – Мұхаммед пайғамбардан, сахабадан және тәбиғиннен жеткен 
әңгіме, хабар. Хадис ілімінің көптеген ғалымдары «хабар» сөзі «хадис» терминімен 
синонимдес дейді. Кейбір ғалымдар Мұхаммед пайғамбардың сөздерін және 
істерін «хадис», сахабалардың және олардан кейін келгендердің сөздері мен істерін 
«хабар» деп атаймыз дейді. Сол үшін сахабалардың сөздерін хадис деп атаған кез-
де оның соңына «мауқуф» деген сипат қосатын болған. Ал тәбиғиндердің сөздерін 
хадис деп атаған кезде «мақтуғ» деген сипат қосатын болған. Егерде тек қана хадис 
деп қолданса, ол Мұхаммед пайғамбардың айтқан сөзі, келісімі немесе ісі деген 
мағына береді. Кейбір ғалымдар «хадистің барлығы хабар, бірақ хабардың барлығы 
хадис емес» деген. 
Хабар әл-уахид دحاولا ربخ – жалғыздың риуаяты, бір ғана адам риуаят етіп, 
ол мутауатир дәрежесіне жетпеген хадис. Ғалымдар егер осы хадис сахих болса, 
онымен амал жасау және басқаларға жеткізу керек деп есептейді. Бұл хадис бізге 
жеткен жолдарына қарай үшке бөлінеді: 1) танымал روهشم (машһур); 2) сирек, күшті
زيزع (азиз); 3) танымал емес بيرغ (ғариб). 
Хабари сипаттар. Құран мен сүннетте келген Алла тағаланың сипаттары. 
Шариғатта келген нәрселерді қабылдау. Мүтәшәбиһ аяттар мен мутауатыр, сахих 
хадистерде келген хабари сипаттарға иман келтіру (Р.Батталұлы, Құран эгзеге-
тикасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет