Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет183/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ү
Үзір رذعلا – ақталатын уәж, дәлелді себеп, шариғатта бұйырылған бір амалды 
орындамауға шариғаттан негізі бар себеп. Немесе шариғат міндеттерін орындамау- 
ға рұқсат беретін себептер.
Үкім مكحلا – бір нәрсеге қатысты шығарылған шешім, қаулы, жарғы.
Үлкен сәске (духа кубра) – күн дәл төбеге келуге бір сағат қалған уақыт. 
Үмбет. Үммет, үммәт. «умма» сөзі араб тілінде «дін», «қауым», «жамағат», 
«бір дінді ұстанатын ел» деген мағыналарды береді. Діни еңбектер мен әдеби 
шығармаларда «үмбет» сөзі көп жағдайда Мұхаммед пайғамбардың соңынан ерген 
елге, жамағатқа қолданылады.
«Екінші тағы сәлем Мұсабекке,
Үмбет болған ер еді Мұхаммедке.
Құдайым аман қылып сатағай деп,
Сыртыңнан жалынамын құдіретке» (М.Дүйсекейұлы, М.Бекбаев, Дүлділ 
ақын).
Үр қыздары روح – Аллаһ тағала жаннатта мүміндерге арнап жаратқан әйел 
жынысты өте сұлу, пәкиза мақлұқтар.
Үтір намазы رتولا ةلاص – құптан намазынан кейін оқылатын үш ракағатты 
уәжіп намаз. Оны «үтір-уәжіп» деп те атайды. «Уитр» сөзі деген сөз араб тілінде 
«тақ» деген мағынаны білдіреді.


237
Ұ
Ұжмақ. Жұмақ, жаннат. 
«Жанға рақат, айтқан сөзің қандай майда 
Өзіңдей дананың бәрі болу қайда. 
Ұжмақтың Нағым атты хор қызындай
Әрзаман ғиш атадан болдық пайда» (Әріп Тәңірбергенов, Өлеңд.).
Ұмра ةرمعلا – кіші қажылық. Қара: умра.
Ұшыр رشعلا – астық және жеміс-жидектің зекеті. «Ұшыр» сөзі араб тілінде 
«оннан бір» немесе «ондық» деген мағына береді. Яғни жиналған астықтың оннан 
бірін немесе оннан бірінің жартысын зекет ретінде шығару керек болғандықтан, 
оны «ұшыр» немесе «ұшырдың жартысы» деп айтады.
Ұхит. Ухух тауы. 
«Тамамлап Мәдинаны болғаннан соң
Бет түзеп Ұхит тауға енді жүрдің. 
Келтеді Тәңірім қалап біздің үшін, 
Мәдина араладың іш пен тысын» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет