243
шекара деген мағыналарымен қолданылады. Қанденге бір ит кездей боп Деді «Әд-
діңді білсеңші, Пілмен ұрысар сиқың жоқ, Мазақ болмай қой көрші!» (Абай, Тол.
жин.).
Бірақ «хад» сөзінің діни терминдік мағынасы қазақ тілінде шарғи жазаларға
қатысты арнайы еңбектер мен мақалаларда ғана кездеседі.
Хадис ثيدحلا – Мұхаммед пайғамбардың жасаған амалы, айтқан сөзі және
келіскен, мақұлдаған амалдары.
Хадис мектебі ثيدحلا ةسردم – Мәдина қаласында өмір сүрген ғалымдардың
шарғи үкім шығарғанда ұстанған принциптерінің негізінде қалыптасқан мектеп.
Бұл мектеп өкілдері Құран мен сүннетте келген үкімдердің астарына терең үңіл-
местен, онда келген мағынаны тура қабылдап, өз ойларымен аз үкім шығаратын
болған.
Хаж. Қажы.
«Хаж барар пайғамбардың жолын қуған,
Махшарда ол үммәті жасыл тудан.
Күнәдан тазарады пәндам дейді,
Баладай анасынан жаңа туған» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Хаж акбар. Арафа күні мен жұма күнінің бір күнге сәйкес келуі. Егер осылай
болатын болса, ол «хаж акбар» (ұлы қажылық) деп аталады.
«Бұл жолда аш-арықтар сізді жақтар,
Шарапат дұға тиіп, құдай сақтар.
Сауабы өзге жылдан артық дейді,
Және де болған биыл «Хаж акбар» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Хажар асуад. Қағбадағы қара тас.
«Келтірді сізді мұнда Тәңірім айдап,
Жүзіңді көрсетуге біздің баққа.
Тірідей сонда үстіңе кебін кидің,
Желге төгіп, жалаңаш күнге күйдің.
Ғайбаттан қиянаттан түгел көшіп,
Қол созып, хажыра суат тастан сүйдің.
Қажеке, қабыл болсын бұл қылғаның,
Бұйырған бұл сөзіңе адал малың» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Достарыңызбен бөлісу: