246
деген мағыналарды білдіреді. Дегенмен бұл мақтау Аллаһтың Өзіне ғана тән. Яғни
Аллаһтан басқаға «хамді» сөзін қолданбаған дұрыс. Өйткені хамді –
мақталған
тұлғадағы жақсы қасиеттерді қанша айтса да, артық болмайтынын аңғартады.
Ханабилә ةلبانحلا – ханбали мазһабын ұстанушылар. «Ханабилә» араб тілінде
«ханбали» деген сөздің көпше түрі.
Ханафи يفنحلا – имам Әбу Ханифа негізін салған мазһабтың атауы, ханафи
мазһабын ұстанушы.
Ханбали يلبنحلا – имам Ахмад ибн Ханбал негізін салған мазһабтың атауы,
ханбали мазһабын ұстанушы.
Хандақ قدنخلا – ор. Құрайыштар мен олардың одақтастарынан құрылған он
мың әскер һижраның 5 жылы шәууәл айында Мәдинаны қоршаған кездегі шайқас.
Дұшпандардың атты әскерінен қорғану үшін Мұхаммед пайғамбар
Салман әл-
Фарисидің (Аллаһ оған разы болсын) кеңесі
бойынша Мәдинаның батыстан,
терістіктен және терістік-шығыс жағынан қоршай ор (хандақ) қазуға бұйрық бер-
ген. Сондықтан бұл шайқас «хандақ шайқасы» аталып кеткен.
Ханут – мәйітті сылауға арналған хош иісті жұпар.
Хараж جارخلا – мұсылман мемлекетінің қарамағына өткен кітап иелерінің ие-
лігіндегі жерлердегі өнімнен алынатын салық. Алғашқы мұсылмандар ашқан жер-
лер. Ол жерлерді мұсылмандар әуелгі иелеріне қалдырып, одан салық алып отыра-
тын болған.
Харам مارحلا – шариғат бойынша кесімді түрде тыйым салынған нәрсе не іс.
Шариғатта істеуге тыйым салынған және істемегіні үшін
сауап алатын,
істегені
үшін күнә алатын амалдар. Харам ету – тыйым салу.
Достарыңызбен бөлісу: