Кез келген қоғамның негізгі мақсаты адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болып
табылады. Өмір сапасының маңызды құрамдас бөлігі - адам денсаулығының жағдайы (сапасы).
Басқа құрамдас бөліктер қоршаған ортаның, өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасы
болып табылады.
Өнім сапасы проблемасын шешу шеңберіндегі маңызды мәселелердің бірі
экологиялық тұрғыда
ұзақ өмір сүру мәселесі болып табылады. Бұл тұрғыда азық-түлік
шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің сапасы өзектілікке ие болады, ол көбінесе олардың
экологиялық тазалығына байланысты. Азық-түлік тауарларының сапасын қалыптастырудың
негізгі принциптерінің бірі олардың
қауіпсіздігі болып табылады.
Экономикалық дамыған елдерде өнім сапасы мынадай негізгі факторлардың әсерінен
қалыптасады:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктерін жедел
пайдалануға ұмтылуы;
- ішкі және халықаралық нарық талаптарын, тұтынушылардың әртүрлі санаттарының
қажеттіліктерін мұқият зерделеу;
- «адам факторын» пайдалану: жұмысшылар мен жетекшілерді оқыту, тәрбиелеу, біліктілігін
жүйелі түрде көтеру, материалдық және моральдық сипаттағы ынталандыруды қолдану.