Қаржаубаев К.Е.).
Орыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене отырып (Гортинский В.В., Мачихин Л.И.,
Цециновский Б.И. және т.б.). Алматы және Қызылорда қалаларында күріштің
ажыратылмайтын бөлігі (курманка) бөлініп алуын ойлап тапты және жүзеге асырды
(Кониченко А.Н.).
Астық жинау кезінде және жиналғаннан кейінгі өнімде астықтың мөлшерінің
жоғарылауын болдырмау және оның сапасын сақтап қалу керек. Осы мәселені Қазақстан
Республикасының академигі Изтаев А.И. өз әріптестерімен бірігіп шешуде өз жұмыстарын
арнады. Олар ең кейінгі технология астық жиналғаннан кейінгі өңдеу жабдықтары,
сонымен қоса жақсы тазалауға арналған, кептіруге және сақтау аппараттарын жасады.
Астықтың жоғарғы бөлігін өңдеу кезінде ұн сапасын көтеру ең маңызды сұрақ.
Астықты элеваторда өңдеу кезінде атмосфераға көптеген шаң-тозаңдар шығады. Ол
санитарлы-гигиенаның және экологиялық жағдайды нашарлатады. Социалды және
санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту мақсатында түрлі шаң шығармайтын
элеваторлар ойластырылуда.
Астық өндірудегі ғылыми-техникалық жағдайды жақсарту үшін Қазақстан келесі
сұрақтарды шешуі керек:
Астық жиналғаннан кейінгі өңдеу және тауар сапасын жоғалтпай сақтау үшін алдағы
технологиялық және техникалық дамуы, Қазақстан ВТО – да ұлттық және халақаралық
стандарттың талаптарына сай болу; сақтау мерзімінің ғылыми жобасы, речсурстық және
энергия сақтаудың технологиясының тазалауда кейінгі өндірісінің пайда болуы; астық
базарындағы мемлекеттік басқарманың экономикалық және ұйымдастырушылық
құқықтарының жүзеге асуы.
Бәсекеге қабілетті астық өнімін көтеру үшін, экспорттық жағдайды жақсарту үшін
сапа бағасының қазіргі заманғы бағалауын жақсарту керек, сонымен қатар сақтау және
астықты өңдеу жөніндегі менеджмент жүйесін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: