Өсімдік өнімдерін сақтауды қамтамассыз етудің қазіргі жағдайы
Өсімдік өнімдерін сақтаудың үш әдістемесі көп таралған: қүрғатылған күйде,
салқындатып сақтау және ауасыз герметикалық қоймада немесе басқа инертті газдарды
пайдаланып басқару арқылы.
Бірінші әдіс астықты қүрғақ сақтау оның сол күйдедемалу үрдісі өте төмен
дәрежеде жүруіне негізделген. Көптеген зиянды жәндіктер және микроорганизмдер
дәннен өзіне қажеттіқоректі заттарды пайдалану қиындайды.
Екінші әдіс - астықты салқындату, оның температурасын 10°С-қа жеткізуге
болады. Бұл жағдайда астық дәндерінің және ондағы тірі жәндіктердің демалу үрдісі
және өсу циклдері тоқтау күйге дейін жеткізіледі. Одан әрі температураны төмендету
бұл үрдістерді толық тоқтатуға келтіреді. Бұл әдіс режимдері астықтарды көп уақытқа
сақтау кезінде пайдаланылады.
Үшінші әдісті қоймалар герметикалық жағдайда пайдаланады және инертті
газдарды қолдану кезінде көптеген микрофлоралар өледі. Ауасыз -анаэробикалық
сақтау әдістерін қолдану көлемі ұлғайып келеді. Бүл астықтарды сақтау үшін оған
керекті техникалық жабдықталынуын қажет етеді.
Астықтың сақталу техникасы жай тоқылған корзина, құмыра, терең ыдыстар, жер
асты және жер үсті шағын қоймалар, жазық және көлбеу еденді механикаландырылған
қоймалар, элеваторлар пайда болды.
Астықты ұзақ сақтау үшін оны құрғақ күйге келтіру тиіс. Осыған байланысты
өңдеу үрдістерін әр бағыттатехникалық жабдықтарды кең көлемде пайдалану керек.
Қазіргі кезде астықты тазарту, кептіру, салқындату, түсіру, тиеу және оны тез, ұзақ
уақыт аралығында сақтауға байланысты қондырғылар бар. Бүлардың арасын құбырлық,
транспорттық жүйемен байланыстырып астықтың орындап жүргізу үшін өте қажет.
Астықты сақтаудың техникалық дамуына байланысты астық кәсіпорындары мына
түрлерге бөлінеді: механикаландырылмаған қойма; механикаландырылған қойма; жеке
тұрған үлкендиаметрі бар металдан жасалған қойма; жүгеріні собығымен сақтауға
арналған қабырғасы торлап жасалған апенка; жеке металдан салынған жай қойма; көп
қабатты механикаландырылған силос, бастырма, жабылған бурт, механикаландырылған
ток, көлбеу еденді механикаландырылған жай қойма, пакгауз темір жинап қойылатын
қойма, салқындатылатын қорап қойма;
Дүние жүзінің басты елдеріндегі өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтаудағы қазіргі
заман жетістіктері
Өсімдік өнімдерін сандық және сапалық жағынан шығынсыз сақтау бүл саладағы
ең негізгі мақсат және міндет болып саналады.
Астық өнімдерін өсіруде АҚШ, Европа одағына кіретін елдерде, Канада,
Австралия, Аргентина т.б. елдерде кең дамыған. Бүл елдердің өздеріне сай астық өндіру,
өңдеу, сақтау және өнім алу жүйелерінің ортақ және өзгеше жақтары бар.
АҚШ-мемлекетінде жергілікті қоймалардың сиымдылық мөлшері-70%тен
астамын қамтиды. өңдеу мен сақтау жүмыстары, астықты өсіру алқаптарына
жақындатылған. Өңдеу үрдістері жаңа орылып жиналган астықпен тез арада жүргізуге
бейімдетілген. Сондықтан бүл елде астық шығыны 3-5% аралығында болады.
Ұлыбритания мемлекетінде бұл шығын мөлшері - 1,5%ке дейін төмендетілген.
Қазіргі кезде нан өнімдері ішінде - макарон, тәтті тағамдар ішінде кондитерлік
өнімдер елдер арасында сатылатын товарлардың бастапқылары болып саналады.
Макарон өнімдерін көп өндіретін елдер: Италия - 2900 мың тонна, АҚШ -1200 мың
тонна, Бразилия - 1000 мың тонна, Россия - 745 мың тонна, Египет, Турция - 400-500
мың тонна, Германия, Франция - 270-275 мың тонна, Япония -138,7 мың тонна, Индия -
100 мың тонна, Қазақстан - 79,2 мың тонна.
Қант өнімінің өндіру көлемі - Бразилия - 20,4-28,8 млн тонна, ЕО - 16,1-21,1 млн
тонна, Индия - 14,2-22,1 млн тонна, Китай - 7,5-11,3 млн тонна, АҚШ -7,1-8,2 млн тонна,
Мексика - 4,9-6,1 млн тонна, Австралия - 4,6-5,2 млн тонна, Россия 1,5-2,3 млн тонна,
Украина 1,5-1,9 млн тонна, Куба 2,2-4,1 млн тонна, БДЖ 136-148,8 млн тонна.
Қазақстанда қант өндіру көлемі - 228,5-562,5 мың тоннаға өсті. Қант тростнигін біз 5
латын және орталық Америка елдерінен аламыз. Бізде кондитер өнімдерін 14 шет елінен
аламыз. Олар Украина - 15,0 мың тонна, Россия - 4,8 мың тонна, Турция - 916 тонна,
Германия - 250 тонна, Нидерланды-207 тонна. Қант өнімінің негізгі шикізат қоры-боб
(сорго) дақылы болады. Оның құрамында-25% қант бар, ал қызылшада-15%. Сорго
жиналу көлемі 170 - 570 тоннаға жетті: Қызылордада - 340 тонна, Жамбылда - 130 тонна,
Алматы облысында - 60 тонна, ал ОҚО - 40тонна.
Жеміс-жидек өнімінің қатарына мыналар жатады: банан, алма, алмұрт (груша),
жүзім (виноград), асханалық жүзім, кептірілген жүзім, қатқан өрік.
Цитрустар - апельсин, мандарин, жаңғақтар, құлпынай (клубника), бүлдірген
(малина).
Бұл аталған өнімдер көп елдер үшін өсімдік өнімдерінің негізін құрап, экспорттау
товары болып саналады. Дүние жүзі бойынша банан - 70 млн тоннаға дейін жетеді
(Латын Америкалық елдер), алма - 48 млн тонна, алмұрт -13 млн тонна, апельсиндер -
9,5-10,0 млн тонна, мандариндер - 3,9-4,8 млн тонна, лимондар - 2,3-2,5 млн тонна,
грейпфруттар - 0,4-0,6 млн тонна.
Біздің елімізде- алма, алмұрт, жүзім өндіру қолға алынған.
Алманың құрамында 300 биологиялық активті заттар бар, оның ішінде витамин С,
калий, фосфор, темір натрий бар. Оның 20% өнімі сок алу үшін, және кейінгі кезде
алмадан виноны алу технологиясы жасалынған. Алма өнімінің жинау көлемі - 93,1-ден
148,9 мың тоннаға жетті, алмұрт өнімі - 9,3-16,7 мыңтонна;
Жүзім өнімі дүние жүзі бойынша61,0 млн тоннаға жетті. Оның Европада - 66%,
Азияда - %, Америкада - 10%, Африкада - 4%, Австралияда -2,0% өндіріледі. Бүл өсімдік
өнімі - 75 елде өседі, ол 53°С кендігі және 43°С кендік аралығында. Көп егіс даласы
Испанияда 1,15 млн га, Франция және Италияда 0,91-ден (млн га), Турция - 0,6 млн га,
АҚШ-1,32 млн га, мүнда -50%-ке жуық жүзім өсіріледі. Басқа елдерде 100-300 млн га.
Достарыңызбен бөлісу: |