Қоғамның саяси жүйесінің функционалдық жүйешесі – билікті (саяси режим)
жүргізудегі әдістерімен түрлері, әртүрлі саяси процесстерде, саяси қызметтерінің
бағыттары және формаларының кӛрінісі.
Қоғамның саяси жүйесінің коммуникативтік жүйешесі – саяси жүйенің ішкі ӛзара
қызметінің жан-жақты формаларын қамтиды, мысалы, партиялар мен мемлекет арасы,
сонымен қатар саяси және экономикалық жүйешіктер арасын, және басқа бір елдердің
саяси жүйесінің арасын қамтиды.
Қоғамның саяси жүйесінің мәдени жүйешесі – бұл саяси жүйенің сол қоғамға
үйлесімді қалыптасқан образдарының (стереотиптерінің) саяси ағымдарының тұтастай
типі, интеграциялық факторы, құндылық бағыттары және саяси тәртібі.
Қоғамның саяси жүйесінің идеологиялық жүйешесі – бұл қоғамның саяси ӛміріне
қатысқан мазмұны жағынан әртүрлі саяси идеялар, кӛзқарастар, сезімдер, ағымдар
жиынтығы.
Саяси жүйенің функциясы:
қоғам дамуының жолдарын, міндеттерін, мақсаттарын анықтау
қабылданған бағдарламамен мақсаттарды жүзеге асыруда қоғам қызметін ұйымдастыру
материалдық және рухани құндылықтарды бӛлу
мемлекетпен әлеуметтік қауымдастар арасындағы әртүрлі мүдделерді келістіру
қоғамдағы адамдармен топтар тәртібіне ережелер мен заңдар жасау
саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету
қоғам мүшелерін саяси қызметке тартуда саяси саланы қалыптастыру
саяси нормаларды сақтауда, әрекеттерді болдырмауда заңдармен ережелер орындалуын
бақылау.
6-тақырып. Мемлекет және азаматтық қоғам
Мемлекет – бұл саяси тұтастығы белгілі құрылымы бар, саяси билікті
ұйымдастырушы және белгілі – бір территорияда әлеуметтік процесстерді басқарады.
Мемлекеттің пайда болуының концепциялары:
патриархалдық – (негізін салушы ағылшын саяси ойшылы Роберт Филмер XVIII ғ.)
Мемлекеттік биліктің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпаның үлкен қауымдастыққа,
мемлекетке дейінгі опекундық, әкеліп билік ретінде пайымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |