2)Липогенез-адам тінінің липидтерінің глицерин мен БМҚ
синтезделуі
Бета-МАГ→ ДАГ → ТАГ
3)Липонеогенез- липидердің зат алмасуының аралық өнімдерінен түзілуі
4)Липолиз- липидтердің ыдырауы
5)Хиломикрондың түзілуі
Хиломикрондар ішек қабырғасында түзіледі. Ол гидрофобты ядродан және
гидрофильді қабаттан тұрады.
Хиломикрондардың құрамы: ТАГ-80%, ХС-11%, ФЛ-7%,
белоктар-2%. Гидрофобты ядросына ТАГ, холестерин және оның эфирлері кіреді, ал
гидрофильді қабатын белоктар мен фосфолипидтер түзеді. Белоктары – аполипопротеиндер
С-ІІ, В-48, Е. Хиломикрондардың диаметрі – 0,1-0,5мкм – 1,5 мкм-ға дейін.
Хиломикрондар липидтердің тасымалдану формаларына жатады.
Олар майларды
ішектен өкпеге тасымалдайды.
ХМ мөлшері үлкен сол себепті тұрақсыз және қан капиллярларына өте алмайды.
Хиломикрондар ішектің лимфа жүйесіне түсіп, лимфа тамырлары бойымен кеуде лимфа
өзегіне, одан жоғары қуысты венаға, одан оң жақ жүрекшеге, оң жақ қарыншаға, одан кейін
өкпеге түседі. Хиломикрондар өкпеден қайтадан жүрекке түседі. Ішекте түзілген липидтердің
90%-ы
осылайша тасымалданады, қалған 10%-ы ФЛ, глицерин,
қысқа тізбекті май
қышқылдары, кіші ХМ-ң біразы қақпа венасының қанына түседі.
Достарыңызбен бөлісу: