Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет104/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
125 
бастады, шараптан спирт шығарыла бастады. 
1010 жылы Солернода (Италия) алғашқы медициналық мектеп ашылды.XII ғ. 
ауыр соқамен жер жырту басталды, компас дүниеге келді. 
1215 ж. Париж университінің жарғысы жарияланып, 1222 жылы Падуя (Италия) 
қаласында университет ашылды (салыстыр: Ресейде - 1725 ж., Қазақстанда - 1934ж.). 
XIII ғ. аяғында көзілдіріктер істеле бастады. Осы кезде механикалық сағаттар жасала 
бастады. 1320 жылы күкіртпен атылатын зеңбіректер пайда болды. Бұлардың бәрі де 
қоғам өмірінде алға жылжулықтың болғанын көрсетеді. 
Ал Орта ғасырдағы рухани ахуалға келетін болсақ, ондағы ғажап өзгеріс - адам 
өзінің ішкі жан дүниесінде рухты тауып, өзінің Құдаймен байланысты пенде екенін 
аңғарады. Мұның өзі философияның жаңа түрінің пайда болуына әкелді. Ол - сенім 
шеңберіңдегі философия, рух саласын зерттеу философиясы. 
Еуропа топырағында бұл заманда дүниеге келген философия, негізінен, діни 
көзқарасқа жақын, екінші жағынан, адам тағдыры, ел қандай болуға тиіс т.с.с. 
мәселелерді қамтыды. 
Бұл жаңа рухани ахуалдың бірінші ерекшелігі - монотеистік (бірқұдайлық) 
көзқарастың негізін жасау. Ертедегі гректер Құдай біреу ме әлде көп пе? деген ой 
шеңберіңде болды. Аристотель аспандағы жұлдыздарды құдайлықпен теңеп, ал 
Плотин Ғарышты «Көрінген Құдай» деп есептесе, енді бірде Құдайдан басқа еш нәрсе 
жоқтығы айтылды. 
Екінші ерекшелігі - креационизм, (сrеаturа - лат. сөзі, жасау, жарату). Бұл - 
Дүниені жоқтан бар қылып жасаған Құдайды мойындау. Грек философиясында Дүние 
әртүрлі стихияның қосындысы ретінде, я болмаса Платонның Демиург туралы ілімі, 
Аристотельдің «Мәңгілік қозғалтқышы» арқылы түсіндірілсе, Орта ғасырда Дүние 
мен адам Құдайдың құдіретті күші арқылы жаратылды деген пікірден таймайды. 
Үшінші ерекшелік - Антропоцентризм (аntrороs - адам, сеntrum - орталық). Грек 
философиясының негізгі мәселесі - ғылым. Адам мен ғылым бір-біріне қарсы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет