Нуржігіт Алтынбеков
126
қойылмайды, Ғарыш макрокосм болса, адам - микрокосм. Адамды қандай дәріптеп
биікке қойған-менен, ол Ғарыштың шеңберінен шықпайды. Аристотельдің айтуынша,
«адамнан да гөрі анағұрлым жетілген заттар табиғатта көп, оларды көруге болады:
мысалы Ғарыштағы жұлдыздар». Басқаша көзкарас Орта ғасырда пайда болды. Ол
бойынша адамды еш нәрсемен салыстыруға болмайды, өйткені оны Құдай өзіне ұқсас
қылып, ерекше басқадан бөліп жасады. Олай болса, ол - жаратылған Дүниенің
қожайыны, бәрінен де биік тұр. Сонымен қатар оның Құдай алдындағы ерекше пенде
екендігі оған үлкен жүк артады: ол әрқашанда өзінің ар-ұжданын, жан дүниесін таза
үстауға тырысуы керек.
Төртінші ерекшелік - Құдайдын еркіне көну мәселесі.
Егер Грек философиясында табиғат (физис) заңы деген ұғым пайда болса, оған
адам да, құдайлар да көнуі керек. Өйткені оны ешкім жасаған жок, ол мәнгі болатын
болса, Орта ғасырда, керісінше, адамға заңды беретін - Құдай, адам оның еркіне
көнуі қажет (ешқандай карсылықсыз). Ал Құдайдың еркіне көнбеуден жаман күнә
жок.
Иса пайғамбардын өзі Құдайдың еркіне көніп, талай-талай зардаптан өтіп өлді.
Олай болса, адам да езінің Құдайға деген сүйіспеншілігін көрсетіп, Иса пайғамбар
жасап кеткен жолмен жүруі керек.
Бесінші ерекшелік Құдайдың қүдіретті көрегендігі. Егер гректер тағдырға
(фатум) табынса, ал оның өзі табиғаттың қажеттілігінен шығатын болса, Құдай өзі
жаратқан бүкіл Дүниені басқарып қоймай, ондағы әрбір адамның – күнәлі, кемтар,
данышпан болса да, жүріс-тұрысын, іс-әрекетін бағалап отырады. Оған сенген адамға
«Сұраса - беріледі, іздесе - табылады, қақса - ашылады».
Алғашқы тектік күнә, оның салдары және одан құтылу -алтыншы ерекшелік.
Алғашқы адам Құдайдың айтқан ізгілік пен жамандықты танитын ағаштың
жемістерін алмау жөніндегі ескертуін тыңдамады. Ол адамның тәкаппарлығында,
өзімшілігінде, ешқандай шектеуді жаратпауында, өзінің Құдай болғысы келуінде.
|