Нуржігіт Алтынбеков
122
Демокриттің атомистік көзқарасы.
Стоя философиясы.
Ойланыңыз:
Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік
өшпенділікпен жойылған жоқ; тек кана
өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл – мәңгілік Дхамма.
Бұл Будданың сөзін
қалай бағалайсыз?
Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да жаман істейді.
Даосизмнің диалектикалық идеялары: Барлык дүние болмыстан туады. Болмыс
бейболмыстан туады. Бірдеңені әлсірету үшін ең алдымен оны күшейту керек.
Бірдеңені кұрту үшін ең алдымен оны гүлдету керек. Біреуден бірдемені алу үшін
оған ең алдымен беру керек; Бақытсыздықта бақыт жатыр.
Бакытта бақытсыздық
бар. Кім оның шекарасын біледі?
Адамдарды білетін - дана; өзін-өзі білетін - ағарған.
Аспанның тілегі - адамдар бірін-бірі сүю керек және бір-бірі-не пайда әкелулері
керек (Мо-Цзы).
Пайда
іздегендер адалдықты ұмытады; Ең биік адамды сүюшілік туыскандық
байланыстарды ескермейді (Чжуан-Цзы).
Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін
тудырмайды, ол елбасын таққа
қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы).
Өлген
мен тірі, оянған мен ұйықтаған,
жас пен кәрі, бәрі - бір,
өйткені бірінші
екіншіде жоғалады (Гераклит).
Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл жолменен
жүргізбе (Парменид).
Сүйіспеншіліктің
тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың бәрін кері
тартады (Эмпедокл). Философия - таңғалудан басталады (Аристотель).
Күн, ай және барлық жұлдыздар - жанып жатқан тастар (Анаксагор).