Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет170/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
199 
V тарау. Жаңа Уақыт мәдениетіндегі Батыс Еуропалық 
философия 
Кіріспе сөз 
XVII ғ. бастап Батыс Еуропа топырағында капиталистік қатынастар 
қарқынды дами бастайды. Жалпы алғанда, қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
саяси ахуалы, коғам мен табиғатты танып-білу қажеттіктері философия
саласында онтологиялық (болмыстық) мәселелерден гөрі, ғылымды дамыту
қажеттіктері жаңа ұйымдардың, мекемелердің пайда болуына себеп болады. 
Оларды сонау Платонның заманынан келе жатқан «академия» деген сөзбен
атай бастайды. 1560 жылы Неаполь каласында «Табиғат құпиясын зерттеу
академиясы», осы кезде Англияда «Лондондағы корольдық қоғам», Парижде
«Жаратылыстану академиясы» құрылды. Бұл академиялардан тәрбие алған Роберт 
Бойль қазіргі физика мен химия ғылымдарының алғашқы кірпіштерін
қалаған, Исаак Ньютон механика ғылымының негіздерін жасаған, Христиан 
Гюйгенс алғашқы маятникті сағатты ойлап шығарған т.с.с. тұлғаларды айтып өтуге 
болар еді. 
Бұл уақытта жаратылыстану саласында алға озып шыққан механика 
ғылымы болды. Оның негізгі себебі - өндіргіш күштерді дамыту, жаңа машиналар 
мен неше түрлі механизмдерді жасау қажеттіктері болатын. Әрине, жаратылыстану 
саласындағы мұндай күрделі өзгерістер философия саласына зор әсерін тигізіп, 
материализм  ағымының механистік түрін тудырды. Ол Қайта өрлеу 
заманында дүниеге келген органистік материализмді ауыстырды. Ал мұның өзі сол 
кездегі қоғамдық санадағы басым діни көзқарасты төңкеріп тастамағанмен, оның 
бітімін өзгертті. Біріншіден, діни фанатизм бірте-бірте азайып, оның орнына діни 
төзімділік, әрбір адамның қандай дінге сенуге деген кұқы мен талғамы болмасын іс 
жүзінде сақтала басталды. Ғылым мен діннің аракатынасы бұрынғыдай
«қос акиқат» принципі арқылы шешіліп, сонымен қатар деистік (deus - латын сөзі, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет