Нуржігіт Алтынбеков 195
Винчи шығармаларын алып қарасақ, онда адамның дене кұрылысының
өлшемдері анатомия ғылымына сәйкес, ал бет-әлпеті мен жан дүниесін ол терең
психолог ретінде көрсете білген.
Н.Коперниктің дуниеге деген көзқарасқа енгізген төңкерісі Астрономия ғылымы көне заманда пайда болған ілімдердің біріне жатады.
Ертедегі көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, өздерінің
бағыттарынан таймай көшіп-қонып отырған. Біздің карастырып жатқан Қайта өрлеу
заманындағы астрономияның әрі қарай дамуына түрткі болған теңізбен сауда-саттық
жасау, алыс елдерге мұхитты қак жарып бару болды. Ол үшін теңіз жолдарын әрі
карай мұқият анықтау қажеттігі астрономиялық ізденістерді жандандырды. Екінші
үлкен мәселе -Юлий Цезарь заманында жасалған күнтізбені түзеу, ол да астрономиялық
зерттеулермен байланысты болды.
Үшіншіден, сонау көне заманда жасалған Птоломейдің Геоцентрлік жүйесі
діннің қағидаларына сай келгенмен, жаңа уақытта практикалық жағынан ескірді.
Осындай жағдайда поляк ғалымы Н. Коперник(1473-1543 жж.)
астрономия ғылымына өзінің түбегейлі өзгерісін енгізді. Негізгі еңбегі - «Аспан
аймақтарының айналуы жөнінде». Бұл еңбектегі негізгі идея - Жер ғарыштың
ортасы емес, ол біріншіден, өзінінің діңгегінен айналады, екіншіден, Күнді
айналады; Күн -дүниенің ортасында тұрған шамшырак (Гелиоцентризм) Бұл жаңа
болжам күн мен түннің ауысуын, планеталардың орбиталарын жете түсінуге
мүмкіндік берді. Н.Коперник айдың жерді айналатыны жөнінде де алғаш болжам
жасады
Сонымен қатар Н.Коперник бұрынғы аристотельдік-птоломейлік жүйенің кейбір
қағидаларын қалдырды. Ол - алыстағы қозғалмайтын жұлдыздарды бұл Дүниенің
шеті деп түсіну және жер мен басқа планеталардың орбиталарының бәрі де дөңгелек,
ал қозғалыстары біртекті деген пікірлер.