Нуржігіт Алтынбеков 201
Ф.Бэконның қол астынан шыққан еңбектерінің ішінде «Ғылымдардың қадірлілігі мен көбеюі жөнінде», «Жаңа Орга-нон», «Жаңа Атлантида» деген
еңбектерін атап өтуге болады.
Ф.Бэконның шығармаларының ерекшеліктері — ол білімнің өмірге деген
қажеттіліктен пайда болатындығын асыра көрсетуі. Ол әсіресе табиғатты зерттеудің
кажеттігіне көп көңіл бөледі, ал оның негізгі жолы — тәжірибелік зерттеулер. «Не іс-
әрекетте пайдалы болса, ғылымда да ақиқатты», ғылымның жетістіктері мен жемістері
- оның ақиқаттығының көрінісі», - дейді ұлы ойшыл.
Тәжірибені талдай келе, Ф. Бэкон оны екіге бөледі. Олар – жемісті тәжірибе мен
сәулелі тәжірибе. Бірінші өмірге пайдалы нәтижелер әкелсе, екінші табиғаттың терең
сырларын ашуға көмектеседі. Сәулелі тәжірибелер өмірге дереу пайда
әкелмегенімен, жемісті тәжірибелерді жүргізуге көмек береді, басқаша жағдайда
олар сарқылып қалар еді.
Ғылымның дамуына сондай үлкен мән берген ғалым, оны сала-салаға бөлу
мәселесіне (классификацияға) көп көңіл бөледі. Оның ойынша, адамның жан
дүниесіндегі үш қабілеті ғылымды топтастырудың негізінде жатуы кажет. Олар: 1. есте
сақтау; 2. қиял; 3. ақыл-ой. Есте сақтау қасиетіне сай ғылым - тарих, қиялға -поэзия, акыл-ойға - философия. Тарих ғылымын Ф.Бэкон екіге бөледі. Олар - жаратылыстану тарихы (historia
naturalis), екіншісі - азаматтық тарих (historia civilis).
Қиялға негізделген поэзия дүниені шынайы бейнелемей, керісінше, адамның
жүрегінен, сезімінен шығатын талаптар тұрғысынан көрсетеді.
Ал енді философияға келер болсақ, оның пәні үш мәселені қамтиды. Олар - Құдай, Табиғат және Адам мәселелері. Өз заманындағы түсініктерге сай, Ф.Бэкон
Құдай мәселесін «қос ақиқат» тұжырымы арқылы қарайды. Философия саласында
Құдайды ақыл-оймен танып-білу мүмкін емес. Сондықтан ол теологияның
шеңберінде сенім арқылы қаралуы керек.