Нуржігіт Алтынбеков 209
Рационалдық әдіс Егер Ф.Бэкон сезімдік, тәжірибелік білімді арқа тұтып, ғылымдағы негізгі
әдістемені индукциядан көрсе, Р.Декарт, керісінше, сезімдік білімнің
құндылығын теріске шығарып, дедуктивті әдісті негізгі тану жолына айналдырды.
Дедуктивті әдістің негізгі талаптары - ол, біріншіден, туа біткен интуиция арқылы
ақиқатқа тек өте анық шынайы ой елегінен көрініп тұрғанды ғана алу; зерттелетін
мәселені ой өрісі арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейін ғана
жоғарыға қарай күрделілікке өрлеу;
Негізінен алғанда, Р.Декарттың әдістемесі - ол интеллектуалдық интуиция аркылы алынған негізгі ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды,
тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тікелей ашық берілсе, онда
дедукцияның дәнекерлігі арқылы ақиқатқа кұрделі жол арқылы жетуге болады. Осы
күрделі жолда бір ұғым байкалмай түсіп калса, онда нәтижеге жету мүмкін болмай
қалады. Сондықтан бүкіл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет.
Дедуктивті әдістеме арқылы әртүрлі нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан
Р.Декарт оны жасанды тәжірибе койып, (эксперимент) тексеріп отыру қажет деген
пікір айтады.
Р.Декарттың этикалық көзқарастары Р.Декарттың этикалык көзкарастары адамның кұмарту сезімдерімен байланысты
түрде қаралады. Олардың бәрін негізгі алты сезімге әкеліп теңеуге болады. Олар:
таңғалу, сүю, жек көру, тілеу, қуану мен қайғыру. Олардың көбі адамның сезімдік
заттарға деген іңкәрінен туады да, адамның жан дүниесін зардапқа толтырады. Ақыл-
ой арқылы оларды жою мүмкін емес. Олай болса, олардың бәрін адамның жан
дүниесіне сәйкес келетін бір кұмартумен алмастыру керек. Ол қандай құмарту сезімі
болуы керек деген сұракқа ойшыл өзінше жауап береді. Оның ойынша, ол -
дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның дүниедегі кұбылыстарға
кызығушылықпен қарауы.