Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет283/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
323 
дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат 
беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың 
эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның
дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.
В.С.Соловьевтің дүниетаным тұжырымдары 
Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу 
жолын құптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен 
ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, 
формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде 
қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология 
бере алады. Оны ол мистицизм дейді. 
Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дуниені 
танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінін формальдық табиғатының 
арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады. 
В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі 
екіге - ішкі және 
сыртқы тәжірибеге бөлінеді. 
Сыртқы 
тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған 
ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады. 
Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалық және мистикалық. 
Психикалық тәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын 
құбылыстарды жатқызамыз. 
Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзінің бізге 
тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын 
құбылысты айтамыз. 
Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалық, 
екіншіге - психикалық, соңына - физикалық тәжірибені қояды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
324 
Әрине, логикалық дуниетанымның өз орны бар, бірақ, ол танылатын құбылыстың 
идеясына жете алмайды. Ол ушін интеллектуалдық интуиция (ой аңлауы) қажет. 
Дегенмен логикалық таным мен интуиция бізді болмыстың ең терең құпия сырларына 
жеткізе алмайды. Ол үшін - шектелгеннің ар жағына, трансцендентікке өту - ерекше 
таным қабілетін қажет қылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді. 
Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің 
бірлігінің қажеттігін көрсеткісі келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет