Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары



Pdf көрінісі
бет340/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   692
Шәкәрім философиясы мен ағартушылық идеялары 
Ұлы Абайдың туысы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931 жж.) - XIX ғ. 
аяғы - XX ғ. басында өзінің терең де жан-жақты рухани еңбектерімен тарихта қалған, 
қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы .Ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, 
ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлім-тәрбие 
берушісі - Абайдың ықпалы ете зор болды. Өзінің аса дарыңдылығының арқасында 
Шәкәрім бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрік, орыс тілдерін өз 
бетінше оқып-біліп, соның нәтижесінде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиеті 


Нуржігіт Алтынбеков 
397 
мен поэзиясынан сусындап, өзіне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын 
қалыптастырды. 
Шәкәрімнің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны 
рационалдың діни философияға, нақтылай келе деизм (Құдайды Жаратушы ретінде 
мойындағанмен, Табиғат әрі қарай өз заңдылықтарының негізінде өмір сүре береді) 
бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзінің «Тіршілік, жан туралы» өлеңінде ойшыл 
Дүние жөнінде былай дейді: «Жаралыс басы қозғалыс, 
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлің бір «мән» де, 
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемді сол мән таратқан,
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге тұспейді». 
Бұл шумақтан біз бүкіл дамудың қайнар көзі қозғалыста екенін, ол жоқ жерде 
өсіп-өнудің де жоқ екенін байқаймыз. Бірақ ойшыл сол қозғалыстың өзі бір қуаттың 
арқасында болатынын айтады. Бұл жерде еріксіз XX ғ. өмір сүрген әйгілі француз діни 
философы Теяр де Шарденнің дүниенің негізіндегі «тангенциалдық» (физиқалық) 
және «радиалдық» (психиқалық) энергиялар жөніндегі ойлары есімізге тұседі, өйткені 
Шәкәрімнің көзқарасы оған өте жақын. Әрі қарай: 
«Құс, балық, шаян, көп алуан,
Айуаннан өсіп болдық адам.
Кейіміз есті, кейіміз надан,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет