Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет345/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
404 
Бір өртке қаудан шыққан душар болып, 
Не қалды тәнімізде шарпылмаған». 
Бірақ өз өмірлерінің алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның 
өзіндік сана-сезімін дамыту ісін олар тоқтатқан жоқ. Өйткені олар халықтың 
болашағын көздеді, ертелі-кеш халық өз егемендігіне жететіне сенді және сол үшін 
қажымай-талмай, қолынан келгенінің бәрін жасады. Олар халыққа білім беру жолында 
мектептерде жұмыс істеп, неше түрлі оқұлық-тар мен газет-журналдарды, романдар 
мен өлеңдерді, пьесапарды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, 
жарқын болашақты жақындату үшін, барлық қолдан келгенді жан аямай жасады. Оны 
біз Ахаңның мына жолдарынан байқаймыз: 
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, 
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. 
Жұрт ұқпаса, ұқпасын - жабықпаймын: 
Ел бүгіншіл, менікі - ертеңгі үшін» (қараңыз: Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, № 4, 
3 б.). 
Ақырында, бәрі де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан 
«мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды. 
Енді олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негізінен, әңгіме 
саяси және құқтық философия төңірегінде өрбімек. 
XX ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) кейпі бүкіл 
сол кездегі үлттық-демократиялық ағымда-ғы тұлғалардың бәрін бейнелегендей. 
Оқұлықтың көлеміне бай-ланысты, осы ғұламаның еңбектерін көрсету арқылы 
оқырманнын сол кездегі ой-пікір жөніндегі түсініктері қалыптасар деген ойдамыз. 
Халықтың Жаңа дәуір келген кездегі аянышты да мұңды ахуалын терең ойға 
салып, оның бостандығынан айырылған себептерін ойшыл халықтың негізгі бөлігінің 
су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың 


Нуржігіт Алтынбеков 
405 
сатқындығы мен іріп-шіруі, патша өкіметіне ой-қамсыз беріліп қызмет етуінен 
т.с.с. себептерден көрді. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту керек, 
ол ушін басқа амал болмаса, оны «маса» сиякты шағу керек, ал М.Дулатовқа келсек, ол 
тіпті «Оян қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын. 
Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуі—алыста жатқан, стратегиялық 
мақсат-мұрат, ал сол кездегі нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетінің 
шеңберінде Қазақстанның автономиялық дәрежесіне, өзін-өзі басқару мумкіндігіне 
жетіп, халықты ағарту, мәдениеггі жанарту арқылы көптен бері созылған халықтың 
ауруы қараңғылық пен еріншектік, енжарлықтан құтқару мақсатын қойды. 
А.Байтурсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудің негізгі жолы - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет