Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет346/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

демократиялық үрдісті дамыту, адам құқтарын сақтау, «Мемлекеттің Думаның»
мүмкіншіліктері қандай шолақ болса да, бәрін заңды жетілдіру арқылы жету деп 
есептеді. «Тағы да халық соты жөнінде» деген «Қазақ» газетінде 1911 ж. жарық көрген 
еңбегінде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол 
рулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкінішке қарай, 
қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесінде билікке тайыз, арсыз 
адамдар өтіп кетеді де, ойларына не келсе соны істеп, пара алып, жемқорлық 
жолына тұседі. «Сондықтан халық сотына сайлағанда білімді, таза, әділетті, халыққа 
адал қызмет ететін адамдарды таңдай білу керек», - деп қорытады ұлы ойшыл. бұл 
ойдың біздің қазіргі өмірімізге де тікелей қатынасы барын оқырман айтпай да тұсінетін 
болар. 
Қазақ жерін қазынаға өткізіп, одан жері жоқ орыс шаруаларына жер беруге 
байланысты, соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси ахуал шиеленісе түсті. Ол ахуалды 
ұлы жыршы Мағжан:
«Бар жерді күннен-күнге алып жатыр,
Біреулер алып қала салып жатыр.


Нуржігіт Алтынбеков 
406 
Қырылысып өзді-өзіне қазақ сорлы, 
Жерінен аузын ашып қалып жатыр», - деп ашына толғаған болатын. 
А.Байтурсынұлы жерді тартып алу, халық бостандығының жойылу себептеріне тоқтала 
келіп, көп жағдайда халықтың зардап шегуі оның надандығы мен заңдағы 
белгіленген өз құқтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келеді. Сондықтан ол 
«Қазақ жерлерін алу тәртібі» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқтары қандай 
екенін, жерлерін заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатыны жөнінде айтады. «Жерді 
жалға алу жөнінде» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқтық надандығы мен 
келтелігінің нәтижесінде өз жерлерінен айырылып жатқаны жөнінде қамыға, 
қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет