оралу, сонымен қатар дәуірдің қойған жаңа жалаптарына сәйкес жауап беру,
Дүниежүзілік көштен қалын қалмау т.с.с. халықтың болашақ тағдырына
Нуржігіт Алтынбеков
412
байланысты көп мәселелер зиялылар қауымында, университеттер мінбелерінде қызу
талданып, сарапталды, біршама қомақгы еңбектер жарық көрді.
Бұл арада неміс классиқалық философиясы көтерген өзекті мәселелерге өз үлесін
қосқан, сонымен қатар Батыс Еуропа топырағында пайда болған ең соңғы ағымдарды
талдап, оны өз руханиятымызбен салыстырып, мәдени философия саласында
компаративті (салыстырмалы) зерттеулер жүргізіп жүрген дарынды ғалым
Б.Нүржановтың еңбектері өтпелі қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді тереңірек
тұсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Соңғы жылдары Ұлттық Ғылым академиясының Философия институтында қазіргі
адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысы, соған байланысты Қазақстанның
дамуындағы құндылықтар бағдарламасы, өтпелі дәуірдегі адамның экзистенциалдық
вакумда қалып қоюы, әлеуметтік нормалардан ауытқу (аномия) т.с.с. күрделі де өзекті
мәселелер акад. Ә.Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттеліп, белгілі нәтижелерге
қолымыз жетті. Оған өз үлесін қосқандар С.Колчигин, А.Хамидов, К.Әлжанов,
И.Ерғалиев, Г.Соловьева, А.Қапышев, Р.Қадыржанов, З.Срсенбаева т.б. ғалымдар
болды. Жоғарыдағы аталған ізденістермен Б.Құдайбергеновтің еңбектері де өз
ерекшеліктерімен үндесіп жатады.
Өтпелі дәуірде философиялық деңгейде қажетгі түрде мына сұрақтар пайда болып,
өз шешімін табуын талап етті: Ақиқат кімнің қолында? Қазіргі адамзаттың негізгі
даму жолы Батыс, я болмаса Шығыс цивилизациясында ма? Дүниежүзілік көштен
тағы да қалып қалмас үшін, Қазақстан қай жолмен дамуы керек? Бұлар, әрине, халық
тағдырын, егеменді елдің болашағын анықтайтын сұрақтар.
Тарихи жеке адамның еріктігі мен жасампаздық іс-рекетіне негізделген Батыс
цивилизациясы айнала ортаны өзгертіп, адамнын игілігіне жарату жолында соңғы үш-
төрт ғасырдың, әсіресе XX ғ. шеңберінде орасан зор жетістіктерге жетті, оның ең биік
сатысы - бүгінгі таңда постиндустриалдық цивилизацияның шеңберінде өмір сүріп
жатқан біршама Еуропа елдері, АҚШ пен Қанада, Австралия т.с.с. Бұл елдер
|