бағытты (А.Қасымжанов, Т.Срсенбаев, А.Қасабек, Д.Кішібеков, т.б.) ұстайды.
Олардын ойынша, қоғамның түбегейлі өзгеру жолында ұлттық діліміз бен дәстүрлі
мәдениетімізді сақтай отырын, озған елдердің жетістіктерін соларға бейімдей
қабылдап, өзгеруіміз керек. Сонда ғана біз өз-өзімізді сақтап қалып, трансұлттық
корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттеріне айналмаймыз, ал жеке тұлғаның
еріктігі әрқашанда қоғамдық мүдденің шеңберінен шықпай, құзға кетіп бара
жатқан «соқырдың еріктігіне» ұқсамауға тиіс. Бұл бағыттын жақтаушылары зиялылар
Нуржігіт Алтынбеков
415
арасында ең кеп болғанымен, қазіргі саясатта олардын үндері әлсіз естіледі. Жалпы
алғанда, либералдық-демократиялық саясаттың өзі нақтылы ащы шындықтың
негізінде дүниеге келген болатын. Егемендікті алу барысындағы қалыптасқан
ішкі және сыртқы ахуалдың өзі бізге басқа жолды тандауға мүмкіндік
бермеді.Өкінішке қарай, оны егжей-тегжейлі талдауға кітаптың көлемі мүмкіндік
бермейді. Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге әерекшеленіп,
олардың арасындағы алшақтықтың өсуі, «байлық пен бақытты болу жақсы» деген
идеологияның негізінде руханияттың үдеуі, қоғамның біршама бөлігінің, әсіресе буыны
қатаймаған, өмірден алған тәжірибесі тайыз жастардың батыстық тойымсыздық
пиғылына өтуі, осыған байланысты «әлеуметтік аномияның» (ауытқу) шектен тыс өсуі,
жекешендірілу жолында жасалған келеңсіз жайттар т.с.с. әлеуметтік наразылықты
күшейтіп, билік басындағылар жүргізіліп жатқан саясатқа түзетулер енгізуге мәжбүр
болды. Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан саясаттың әлеуметтік-демократиялық бағытқа
қарай жылжып бара жатқанын байқауға болады. Оның толық жеңісі - халық болашағын
анықтайтын бағыт болмақ.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Қазақ
дүниетанымының
қандай
ерекшеліктерін
көрсетуге
болады?
2. Көне түркі мифологиясындағы әйел Құдайдың аты қандай?
3. Көне
түркі
мифологиясындағы
өлімнен
қашып,
өлместікті
іздеген кім болды?
4. Гректердің
«Жеті даналарының» бірі болып саналатын
түркі бабамыздың есімі кім болды?
5. «Ақыл, әділет, дәулет, қанағат» құндылықтары елді бақытқа әкеледі», — деген
ойшыл кім?
6. «Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз.
7. Сопылық
философиядағы
«фана»
деген
ұғымның
мағынасы
|