Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет379/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
440 
қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана - тақуалар, масайрауға лайықты адамдар» 
деген қағидаларды ұсынды. 
Ф.Ницшенің ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан «қайта қарап», 
«мырзалардың моральдық құндылықтарын» тағы да өмірге енгізу керек. Оның 
негізінде мынандай қағидадап жатуы қажет: 
1. «өмірдің құндылығы» - сөзсіз негізгі құндылық; 
2. Адамдар бір-бірімен табиғи түрде теңсіз болып жаратылған
3. Күшті адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен 
байланысты емес. 
Жоғарыдағы көрсетілген моральдық құндылықтарға сәйкес келетін адам әлі 
дуниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбір жануардың түрі өмірден
жойылардың алдында өзінен жоғары тіршілікті тудырса, адам өзінен жоғары 
пендені тудыра алмай отыр. Өйткені адам - ауру жануар. Оның алғашқы
табиғат берген инстинктері сөніп, оның орнын сана алды, Ал, енді, Ф.Ницшенің 
ойынша, «адамнан жоғарының» дүниеге келетін уақыт жетті. Ол -«ақкұба әзәзіл». 
Тұқым куу жағынан алғанда, олар «арий нәсілінен» шыққан адамдар (нордикалық 
тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бір-бірімен ұстамды, кішіпейіл, назды, 
мейірімді. Басқаларға олар жабайы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. 
Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсіз ұжданына қайта оралғандай
болып сезінеді: өлтіреді, жағады, зорлайды, қуртады, енді оларды жыраулар
көп уақыт бойы өздерінің өлеңдерінде жырлайтынына кәміл сенеді. 
Ал енді «адамнан жоғарылардың» сыртқы кейпіне келер болсақ, олардың 
«туа біткен асылдығы» бір қарағанда-ақ көрініп тұрады. «Осы қасиет бүгінгі 
таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей түр десеңізші», - деп 
қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпеті оның асылдығын көрсетіп 
тұрса, онда «тобыр» оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда 
тобыр адамы кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтереді деген ойға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет