Нуржігіт Алтынбеков
441
келіп, олай болса, біз де өзіміздің бағымызды сынап көрейік деген жаман ойға өтуі
мүмкін. Ал Бұл ой социализмді әкеледі, - деп қорытады Ф.Ницше. Әрине,
Ф.Ницшенің бұл ойларына фашизм идеологиясының біршама жақтары жақын
екенін мойындамай болмайды.
Ф.Ницшенің христиан дініндегі моральдық қағидаларға қарсы келуі, осы кездегі
ғылын мен техниқадағы ашылған жаңалыңтар, ойшылдан бұрын өмір сүрген
ағартушылардың дінге қарсы бағытталған іс-әрекеттері-барлығы жиналын, оның
«Құдай өлді!», өйткені Құдайға сенудің өзіне сенбеушілік пайда болды, - деген
тұжырымға келуіне себеп болды. «Болашақта, Құдайдың орнын «адамнан жоғары»
пенде алады», - деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенің философиясы қайшылықтарға толы, ешбіртұтастық
жүйелігі жоқ, өз заманының әртүрлі өзекті мәселелерін көбіне көркем сөзбен берген
көзқарас. Бірақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенің ез заманының әлсіз жақтарын
сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін тиістілік
негізінде аттап өту қажеттігін көрсетуі т.с.с. ойлары болашақ философиялық
ағымдарға үлкен әсерін тигізді.
Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
«Өмір философиясының» XX ғ. беделді ағымдарының бірі фрейдизм болып
табылады. Негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) - австриялық дәрігер,
психолог, философ. Негізгі еңбектері: « Мен және Ол», «Тотем мен Табу» т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында
бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір невроз
ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны
бисаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің «психоанализ» әдістерін жасап,
біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп, ол психоанализдің негізгі
қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше
ағымды тудырды.
|