Нуржігіт Алтынбеков 514
Келесі ескеретін мәселе - кеңістіктің үш, ал уақыттың бір өлшемдігі. Кеңістіктегі
әрбір заттың орнын анықтау үшін біз бір-біріне тәуелсіз үш координатты (X, Ү, Z,
яғни ұзындық, биіктік, ен) пайдаланамыз. Математика саласында көпөлшемді кеңістік
ұғымы пайдаланылғанмен, оның шынайы кеңістікке қатысы жок, өйткені оның
координатары заттың температура, жылдамдық, массасын т.с.с. анықтайды.
Уакытқа келер болсақ, онын өлшемі бір ғана: ол өткеннен казіргіге өтіп,
болашаққа бағытталған. Теоретикалық тұрғыдан алғанда, егер жылдамдық күн
сәулесінен де жоғары болса, онда уақыт кері ағуы мүмкін. Бірақ ол шынайы түрде
мүмкін емес. Уақыттың кері қайтпаушылығы - оның бір өлшемдігінен шығады.
Кеністікте қайта оралушылық бола береді. Мысалы, біз күнде үйден щығып,
кешке қайта ораламыз.
Кеңістіктің біркелкілік (барлық нүктелердің теңдігі) және изотроптық (барлық
жаққа бірдей тарауы), ал уақыттың тек біркелкілік (барлық нүктелер бір-біріне тең
болғандықтан уақытты қай сәттен болсын бастай беруге болады) қасиеттері бар.
Соңғы жылдары ғылымда биологиялық, психологиялық және әлеуметтік кеңістік
пен уақыт категориялары пайда болып, қазіргі өмірде кеңінен пайдаланылып
зерттелуде.
Биологиялық кеңістік пен уақыт әртүрлі тіршілік формаларының кеңістік пен
уақыттың шеңберіндегі өмір сүру ерекшеліктерін, өсімдік пен жануарлар әлеміндегі
түрлердің ауысуын т.с.с. сипаттайды.
Мысалы, иттің өмірінің ұзақтығы 20 жылға жуық болса, қарғаның өмірі 300
жылға дейін созылады. Дүниедегі ең ұзақ өмір сүріп жатқан жануар колтырауындар
өзгерместен, сонау динозаврлар өмір сүрген уақыттан бері келе жатыр.
Ал биологиялық кеңістікке келер болсақ, оңтүстік аймаққа бейімделген тіршілік
формалары солтүстікте өмір сүре алмайды, әр тіршілік формаларының өзінің
кеңістіктегі өмір сүру ареалы бар.
Адамның биологиялық өмір сүру ұзақтығына әлеуметтік факторлар өзінің зор
әсерін тигізеді. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамдағы адам өмірінің орташа ұзақтығы