Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет454/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
516 
Психологиялық кеңістік пен уақытқа келер болсақ, оның да өз ерекшеліктері бар 
екенін байқаймыз. Ол, негізінен алғанда, тек адамға тән нәрселер. Ол дүниені адами 
қабылдау мүмкіндіктерімен бірге оның іс-әрекетімен тығыз байланысты. Егер сіз өте 
қызықты шығармашылық іспен айналысып жатсаңыз, онда уақыттың қалай өткенін 
байқамай қаласыз. Жалғыздық адам уақытын қорғасын басқандай басып, баяулатады. 
Ағылшындар айтқандай, ісі жоқтық, адамның миын шайтанның шеберханасына 
айналдырып, ақырында адам ішімдікке, нашақорлыққа салынып, я болмаса 
қылмыстық жолға түсіп, өзін-өзі жоғалтып, бір-ақ рет берілетін өмірінің бытшытын 
шығарады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңдағы кең етек алған жұмыссыздық қоғамдағы 
бүкіл әлеуметтік аномалияның (ауытқу-дың) негізгі себебі болып отыр. 
Дүниеде тек қана психологиялық салада уақыттың қайта оралу әсері бар. Оны 
алғаш рет көркем түрде көрсетіп, таңғалдырған француз жазушысы Марсель Пруст 
болған-ды. Егер сіз жас кезіңізде болған жерге қайта оралып, алғашқы махаббат 
оянған жердегі қайыңның жанында тұрсаңыз, өзіңіздің көңіл күйіңізге байланысты сол 
балауса кезіңізге кайта оралғандай боласыз. Сол кездегі сезімдер мен дүниесезім сізге 
қайта оралғандай болады. Ол әсіресе адамның түсінде, кейбір бейсаналық, 
транспсихикалық ахуалдарда кездеседі. Әрине, психологиялық тұрғыдан уақыттың 
қайта оралғандай әсері өмір шеңберіндегі жан-дүниеде өте терең із қалдырған 
оқиғалармен байланысты екені түсінікті жайт. 
Соңғы әлеуметтік кеңістік пен уақытка келер болсақ, ол да өне бойы өзгерісте. 
Біржолата және біркелкі берілген әлеуметтік кеңістік пен уақыт - жоқ. Мысалы, 
алғашқы қауымдағы әлеуметтік кеңістік адамның жаяу біркүндік жолының шеңберіне 
тең болды, яғни 20-30 шақырым. Жылқыны үйреткен кезден бастап, әлеуметтік 
кеңістік анағұрлым кеңейді. Машиналық техника пайда болған кезде, ол мыңдаған 
шықырымға өсті. Ал қазір сіз Лондонның «Хитроу» аэропортында 2,5 дыбыс 
жылдамдығымен ұшатын «Конкорд» ұшағына мінсеңіз, 4 сағаттан кейін Американың 
«Дж.Кеннеди» аэропортына қонасыз! Радио, телевидение, интернеттің дамуы - 
бүкіладамзаттық әлеуметтік кеңістікті құрады. Күнбе-күн Дүниеде не болып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   450   451   452   453   454   455   456   457   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет