Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет462/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
524 
байланысты түрде шындықта өтіп жатады. Мысалы, И.Ньютонның ашқан 
Дүниежүзілік тартылас заңына сәйкес күн жүйесі өмір сүреді. Энергияның сақталу 
заңына сәйкес, ол өзінің бір түрінен екіншісіне ауысқанмен, жоғалмайды. 
Биологиядағы табиғи іріктелу заңына сәйкес жаңа дүниеге келген организмдегі 
өзгеріс оның қоршаған ортаға бейімделуіне сәйкес келсе сақталып қалады. 
Үшіншіден, қайсыбір даму заттың әрі қарай күрделенуінен байланысты. Ол 
заттың ішкі құрылымының толығуымен қатар, ұйымдасу деңгейінің өсуіне әкеледі. 
Мысалы, қазіргі реформа барысында мыңдаған жаңа құрылымдар пайда болып, 
олардың бір-бірімен байланыс деңгейі күшеюде. Қоғамның инфрақұрылымында 
компьютерлік технологияларға негізделген оқу жүйесі, статистикалық жүйелер, 
адам қажеттіліктерін өтейтін салалар т.с.с. тез дамып келеді. 
Төртіншіден, даму үрдісі өткен сатыларға ешқашанда қайтып оралмайтынын айту 
керек. Сәбилік кезеңнен өткен жасөспірім, сол шағына қайта орала алмайды. Жасына 
келген адам жастық шағын қанша армандаса да, оны қайтара алмайды. Бүгінгі 
экологиялық Дағдарыстың шешу жолдарын «антитехнократтық» бағыттағы кейбір 
ғалымдар «ғылыми-техникалық үрдісті тоқтату», «табиғатқа Қайта оралу» керектігінен 
көреді. Ал ол мүмкін емес. 
Бесіншіден, даму үрдісі белгілі бір бағытта іске асады. Ол болмайынша, заттың 
даму үрдісіндегі өзгерістердің қорлануы іске аспай, ішкі өзара байланысқан бағытынан 
айырылып қалар еді. Дамудың бағыты уақыттың шеңберінде ғана жүреді, ал ол өзінің 
бірбағыттығы мен қайталанбайтынымен сипатталады. 
Қозғалыс пен дамудың байланысы жөнінде ғылымда, негізінен алғанда, екі 
қарама-қарсы пікір бар. Бірінші, кеңінен таралған пікір: даму - әрқашанда қозғалыс, 
ал кейбір қозғалыс даму емес Расында да, біз қолымыздағы сағатты шешіп, столға 
қойсақ, ол
қозғалыста болды. Бірақ ол жөнінде «сағат дамыды» деп айту 
қиынырақ болар. 
Екінші пікір дамуды қозғалыска қарағанда іргетасты есептейді «Егер 
объективті шындықты біртұтас ретінде қарасақ онда оның ішіндегі барлық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет