Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет459/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
521 
үшкірлей түсіп, затты болмысының шегіне әкеледі. Бір-бірімен ымыраға келмейтін 
қарама-қарсылыққа негізделген қайшылық заттың күрт өзгеріп, өзінің басқа 
болмысына өтуіне мәжбүр етеді. Жаңа пайда болған ахуалдың шеңберінде жаңа бірлік, 
тепе-теңдік пен қатар, айырмашылықтың ұрығы пайда болады. 
Жоғарыда көрсетілген үрдістерді әдебиетте «қарама-қарсылықтың бірлігі мен 
өзара іс-әрекеті» деген заңмен береді. 
Бұл заңның танымдағы методологиялық маңызы өте зор. Бүкіл бұрын-соңды
ғылымдағы ашылған жаңалықтар, негізінен алғанда, зерттелген зат, я болмаса, 
құбылыстың ішкі қайшылығын ашуға негізделген. Микроәлемді зерттеу барысында ең 
алдымен элементарлық бөлшектер ашылып, соңынан олардың қарама-қарсы жағы - 
атомның өзегі зерттелді, ал оның өзі протон мен нейтронның бірлігі мен қарама-
қарсылығы арқылы өмір сүреді. Электромагниттік өрістің өзі қайшылық екені қиын 
да ұзаққа созылған зерттеулер арқылы іске асты. Алғашьшда ол бөлшектерден 
(корпускулалар) тұратын «сәуле жаңбыры» (И.Ньютон) ретінде қаралса, келесі 
сатыда «толқын» ретінде (Х.Гюйгенс) түсіндірілді. Тек XX ғ. ғана ғалымдар оны 
«корпускулярлық-толқындық дуализм» ретінде қарап, оның терең мәнін ашты. 
Қазіргі реформалардағы өзгерістерді де осы заң арқылы жете түсінуге болады. 
Кеңес Одағындағы мемлекеттік жоспарлау принципіне негізделген шаруашылық 
формасының іріп-шіруі оның монополиялық табиғатында болды емес пе? 
Жекешелендіру саясаты соны жоюға бағытталған. Мемлекеттік пен жекеменшіктің 
қарама-қарсылығы мен бірлігі, олардың бір-бірімен бәсекелігі -адамдардың ерікті 
ынта-жігерін арттырып, тиімді шаруашылықтың негізін қалауда. Сонымен қатар 
қоғам өмірінде лезде бай адамдардың пайда болуымен бірге көпшіліктің кедейленуі, 
тіпті қайыршылықтың шеңберінде өмір сүрген адамдардың пайда болуы әлеуметтік 
қайшылықты үшкірлеп, қоғамның саяси тұрақтылығына өзінің теріс әсерін тигізуде. Бұл 
арада жұмыссыздықпен күрес, жаңа кәсіпорындар ашу, адамдарды жаңа кәсіби 
мамандықтарға оқыту т.с.с. шаралар арқылы ғана бұл қайшыльщты бәсеңдетуге 
болады. Әлеуметтік мәселелер шешілген кезде басқа да келеңсіз кең етек алған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет