Нуржігіт Алтынбеков 529
жоғарыда атап кеткенбіз. Енді осы мәселеге толығырақ тоқталайық. Болмыстағы сан
алуан заттар мен құбылыстар даму барысында өзгеріске ұшырап, бір-бірін ауыстыру
үстінде, яғни жаңа Дүниеге келген зат өткенді теріске шығарып, соның орнына келеді.
Егер де зат өткен сатыны толығынан теріске шығарса, онда ешқандай даму болмай,
Дүние толығынан хаосқа айналар еді. Сондықтан философиядағы теріске шығару
физикалық затты жоюмен тең емес.
Жалпы алғанда, терістеудің негізгі екі түрін керсетуге болады. Оның бірі - заттың
түбірімен жоғалуы, даму барысының күрт тоқтатылуы. Екіншісі — зат, я болмаса
құбылыс өзінің өткен сатысын терістеу үрдісінде өміршеңдік жағын сақтап қалып, жаңа
сапалық деңгейге көтереді. Біріншіні физикалық терістеу, жою десек, екіншіні
философиялық (диалектикалық) терістеуге жатқызамыз.
Мысалы, егер біз жүгері дәнін алып, аяғымыздың астына салып, езіп тастасақ,
онда оның ішкі даму мүмкіндіктері толығынан жойылып, құриды. Екінші дәнді алып,
мамыр айында өңделген, жылы, дымқыл топыраққа салсақ, ол дән өмірден кеткенмен,
жаңа жүгеріні тудырады, оның орнында күзде жаңа жүздеген жүгері дәні пайда болады.
Сонымен қатар жаңа дәндердің генетикалық құрылымында өзгерістер пайда болып,
ескіні толығынан қайталамайды. Міне, соңғыны диалектикалық конструктивті (жаңа
құрылымдарды құру) терістеуге жатқызамыз. Ол заттың ішкі кайшылықтарың шешу
барысында пайда болады. Яғни ол - заттың өз-өзін терістеуі. Ал бірінші - деструктивті
(қирату, бұзу) терістеуге келсек, ол сыртқы қайшылықтардың нәтижесі екені айтпаса
да тусінікті.
Екінші назар аударатын нәрсе, конструктивті және деструктивті терістеулердің
бір-бірімен тығыз байланыста болуы. Көп әдебиетте деструктивті терістеуді даму
категориясымен байланыстырмайды (қараңыз: Очерки по диалектическому
материализму.,М., Наука, 1987, 119-6.). Алайда мұндай көзқарас шындықпен
жанаспайды. Өйткені даму барысында зат, я құбылыс сыртқы ортамен зат,
энергия, информация алмасуы арқылы ғана өрлей алады. Мысалы, жер бетіндегі
тіршіліктің дамуында жануарлар бір-бірін, я болмаса шөпті жеп, өз өмірін