Нуржігіт Алтынбеков 532
_тезис, антитезис және синтез. Әрбір даму сатысы тезистең басталып, антитезиске
айналып, соңында синтез арқылы бірігеді Мысалы, Дүниенің негізіндегі таза «болмыс»
терістеу барысында өзінің қарама-қарсысы «жоқтыққа» өтіп олардың өзара диалек-
тикасы «қалыптасуды» тудырады, - дейді ұлы ойшыл. Осының арқасында даму
бағыттығы анықталады.
Қарапайым мысал келтірейік: «Мен бүгін театрға барамын», -деген тезисті теріске
шығарсақ, онда: «Мен бугін театрға бармаймын», - деген антитезис пайда болады.
Антитезисті терістеу барысында: «Мен бүгін театрға бармай коймаймын», - деген
синтезді келтіреміз. Егер сіз «Мен бүгін театрға барамын» және «Мен бүгін театрға
бармай қоймаймын» деген сөйлемдерді салыстырсаңыз, олардың айырмашылығын
дереу сезінесіз. Екінші сөйлем біріншіге қарағанда анағұрлым күшті, ол антпен бірдей
сияқты, қандай жағдай болмасын, сіз театрға барасыз.
Гегель өзінің триадасын ой өрісінің дамуында қолданғанмен, ол бүкіл Дүниедегі
даму үрдістерінде байқаланатын жайт. Бүгінгі таңда дамудың «үштік» ритмі геология,
химия, биология, социология т.б. ғылыми салаларда ашылып, дәлелденген. Оның
маңыздылығы - дамудың бағыттылығын анықтауда, соның нәтижесінде жаңа
мазмұнның даму барысындағы қорлануында (кумуляция).
Сонымен қатар даму барысында «екіаралық» терістеулер де кездесуі мүмкін. Ол
заттың кейбір жақтарын терістегенмен, оның ішкі мәнді құрылымдарын өзгерте
алмайды, сол зат болып қала береді. Мысалы, судың парға, мұзға айналуы. Екінші
мысал: алғашқы қауымдық қоғамдағы меншік жүре келе жекеменшікке өтті. Ал
жекеменшіктің шеңберінде құлдық, феодалдық, капиталистік қоғамдар бір-бірін
терістегенмен, оның терең мәнін өзгерткен жоқ. Сондықтан олардың бәрін қоса,
антитезис ретінде қарауға болады. Болашақ тарихқа келетін синтезде қауымдық пен
жеке-меншіктің оң мазмұны бірігіп, жаңа ахуалды тудыруы қажет - ол тіпті, Маркс
айтқандай, коммунизм болмауы да мүмкін - оны болашақ көрсетеді. Енді дәл осы
арада мәселені нақтылай түссек, онда даму барысындағы бағыттылықтың негізгі түрі -
алға өрлеулік -прогреске келіп тоқталамыз. Енді соны талдап көрелік.