Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет472/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
534 
ғылымның құдіретті күшіне сенсе, Т.Мор, Т. Кампанелла сияқты ойшылдар 
болашақтағы бақытты коғамды көз алдарына елестетуге тырысты. 
XVIII ғасырдағы Еуропа ағартушылары прогресті «парасатқа табынудан» көрді. 
Болашақта жердің беті өзгеріп, ақыл-ойдың даму негізінде бақытты қоғам орнап, 
барлық қиын мәселелердің бәрінің де шешілетініне олар еш күмән келтірмеді. 
Осы уақытта өмір сүрген біздің бабаларымыз да «бақытты өмірді» аңсап, оны 
«жерұйықты» іздеуден көрсе (Асан-қайғы), екіншілері «бұл жалғанда» тек рухани 
жетілу ғана болмақ деген пікірге келді. 
Сонымен қатар Дж.Вико Ж-Ж.Руссо сияқты Еуропа ойшылдары біртінді 
прогреске күмәндік көрсетіп, техникалық прогресс пен адами дамудың арасындағы 
қайшылықтарды көрсетті. 
XIX 
ғ. маркстік көзқарасқа келер болсақ, олар адамзат прогрессивті 
жолмен даму барысында болашақ коммунистік қоғам орнатады деген пікірге келіп, 
оны ғылыми жолмен дәлелдегісі келді. Практикалық түрде алғанда, мұндай
көзқарас провиденциализмнің ағарған түріне жатады. Қазіргі ғылыми жетістіктерге 
жүгінсек, Дүние іргетасты түрде ешқашанда өзінің кемеліне келмейді. Толық 
жетілу - заттың құлдырауына, жоқ болуына тең. Оны білген дана бабаларымыз 
«ханның қызында да кемшіліктер болады» деген нақыл сөз қалдырған. 
Қайшылыққа толы XX ғасыр, бір жағынан, адамның ақыл-ойының кереметтігін 
көрсететін ғылыми-техникалық прогрестің ғажап туындыларымен суреттелсе (радио, 
ТВ, ұялы телефон, компьютер т.с.с.), екінші жағынан, екі дүниежүзілік соғыста 
миллиондаған жас адамдардың қойша қырылуына әкелді, қоғамның материалдық 
денесі (цивилизация) сырттай күрделенгенмен, миллиондаған адамдар рухани 
азғындады. Бұл арада орыстың ұлы ойшылы Н.К.Рерихтің «шың биіктеген сайын 
шыңырауда да тереңдей түседі» деген ғажап ойын келтірсек те болғаны. 
XX 
ғ. ортасы кезінде Франция мен Совет Одағында өмір сүрген екі ойшыл 
- П.Т.де Шарден мен В.И.Вернадский уақытында Ж.Леруаның ғылымға енгізген 
«ноосфера» (nus грек сөзі, ақыл-ой аймағы деген мағына береді) идеясын әрі қарай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет