Нуржігіт Алтынбеков 530
жалғастырады. Ол оларды деструктивті терістейді, құртады. Бірақ мәселеге кең
түрде қарап,белгілі бір жануардың өмірін сол түрдің жүйесінің элементі ретінде
есептесек, онда ол өлгенмен, сол жануардың түрі өмірде қалып, әрі қарай дами
береді. Көп жағдайда, ол - пайдалы да. Мысалы, қасқырлар, я болмаса басқа
жыртқыштар, табынның ішіндегі ауру, әлсіздерін ұстап алып құртады, ал оның өзі
қалған малдың жақсы дамуына жағдай туғызады. Егер мал жайлаудағы шөпті
«қырқып» отырмаса, оның қадір-қасиеті жойылар еді. Академик И.Шмаль-
гаузеннің айтуына қарағанда, «өлімнің таңдамалы сипаттамасы, яғни әлсіз, өзін
қорғай алмайтын тіршіліктердің көбінесе қырылуы, олай болса, өмірге көбірек
бейімделгендердің тірі қалуы мен өз жаңа ұрпақ-буындарын тудыруы» жалпы
тіршіліктің даму диалектикасына жатады.
Жалпы айтқанда, өмір тарихында өлім дамудың тетігін құрайды. Мысалы, көп
төменгі дәрежедегі тіршіліктер жаңа организмді тудырған сәтте өмірден кетеді,
яғни өмір мен өлім алғашында бір-біріне тең болған. Жүре келе, көпклеткалық
тіршілік формалары Дүниеге келген кезде, олар бір-бірінен бөлініп, қарама-
қарсылыққа
айналады.
Тіршіліктін
дамуын
ұрпақ-буындардың
бір-бірін
ауыстыруынсыз қабылдау өте қиын.
Ал егерде өлі табиғатты алсақ, онда да деструктивтік өзгерістердің даму
үрдісінде болатынын байқауға болады. Мысалы, «тұрақты емес» Ғарыштағы
объектілердің жарылысы, жаңа ғарыш объектілерін тудырып, олардың арасындағы
заңды байланыстардын калыптасуына әкеледі екен. Мұндай мысалдарды коғам
өмірінде де кездестіруге болады. Әсіресе өтпелі қоғамдағы көп деструктивті
терістеулер көп адамдардың жағдайларын құлдыратып, аянышты жағдайларға
әкелумен қатар, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, даму барысын тездетуде. Әрине,
олардың көбі саясатта жіберілген қателіктермен байланысты. Дегенмен болған іс
болды, ащы шындықты мойындауға тура келеді.
Батыс философиясындағы «негативтік диалектиканың» өкілдері (Т.Адорно)
бүгінгі әлеуметтік тәртіпті толығынан қиратуға шақырып, бірақ оның орнында қандай