Нуржігіт Алтынбеков 549
бірбағыттылықтың негізінде жүреді, яғни салдар себептің алдына ешқашанда
шығып кете алмайды, соңғы әрқашанда - алда. Сонымен қатар бір құбылыстың
артынан екіншінің келуі себеп пен салдардың нәтижесінде болмауы да мүмкін.
Мысалы, күн мен түннің алмасуы, судың көтерілуі мен кері кетуі, т.с.с. табиғи
құбылыстар бір-бірін себептік байланыс арқылы тудырмайды, олардың бір-біріне өтуі
- жердің айналысы, айдың тартуымен байланысты құбылыстар.
Қоғам өмірінде саналы адамдар іс-әрекет етіп, шымшытырық байланыстарға
түскеннен кейін, шынайы себеп астыртын түрде іске асып, сылтау сияқты көрінуі
мүмкін. Ол әсіресе халықаралық дипломатияда кеңінен кездесетін нәрсе. Мысалы,
АҚШ «халықаралық терроризмге» қарсы күресеміз деп, талай рет Ирак мемлекетін
бомбалады, ол, әрине, сылтау. Шынайы себеп сол аймақтағы мұнай байлығында,
соған тартыста жатыр. Ал халықаралық терроризмге келер болсақ, онын терең
себептері - кедей елдердегі халықтардың дамыған елдердің дене ләззатына
бағытталған «материалдық-сезімдік» кұндылықтарына карсылығы, соған қосылған
жұмыссыздық, қайыршылық т.с.с. факторлар.
Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әртүрлі болуы
мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана «жабық жүйелерде» кездеседі. Оны
былайша көрсетуге болады: ...А-Б-С-Д... яғни А себеп ретінде Б-ні, Б - С-ні т.с.с.
тудырады. Сонымен әрбір құбылыс, бір жағынан, белгілі бір себептің салдары болса,
екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады.
Ал күрделі де ашық жүйелерге келсек, онда олардың көбі «кері байланыстың»
негізінде өмір сүреді. Мысалы, қайсыбір машинаның моторы жұмыс істеген кезде,
оның қызуына әкеледі, температура белгілі бір нүктеге жеткен кезде, вентилятор
іске қосылып, оның қызуын төмендетеді де, тоқтайды, мотор тағы да қызғанда,
айтылған механизм тағы да іске қосылады... Мұндай жүйелер кері байланыстың үлкен
рөлін көрсетеді.
Философиялық әдебиетте әсіресе діни философияда «бірінші себеп» (causa
prima), «соңғы себеп» (causa finalis) деген категориялар кездеседі. Дүние іш және