Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет494/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
556 
болады. Бірақ олардың бәріне бірдей жалпылық — бір жағына калайда тұру - 
қажеттілік болып шығады. 
Қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысының терен мәні - Дүниедегі таза 
қажеттіліктің жоқтығы. Сондықтан қажеттілік әркашанда кездейсоқтық аркылы 
көрінеді. Кездейсоқтықтың өзі болмыста терең тамырланған, ол заттың дербестікке, 
тәуелсіздікке деген «ұмтылысынан» шығады. 
Кейбір студенттер, таза қажеттіліктің мысалы ретінде мегаүрдістерді соның 
ішінде күн жүйесін келтіреді. Мысалы, жер мен айдын айналу координаттарын 
есептеп, 1000 жылдан кейін жердің неше градус ендігі мен бойлығының түйісінде кай 
күні, сағаты, минутында күн тұтылу басталатынын айқындауға болады. Ал мұның 
өзі таза табиғаттың қажеттілігін көрсетеді. 
Әрине, мұндай мысалды теріске шығару онша қиын шаруа емес. Ғарыштағы 
неше түрлі кездейсоқтықтарға байланысты күнбе-күн жерді мыңдаған метеориттер 
бомбалайды. Көбі жердің бетіне жетпей жанып кеткенмен, біршамасы жерге жетеді. 
Мүмкін, алдағы мың жылдың шеңберінде жердің бетіне «Тунгус метеориті» 
сияқты үлкен болит те (келемі бірнеше шақырымды алатын ғарыштағы үлкен
тастар) кұлауы мүмкін. Сондықтан мың жылдың шеңберінде жер ауырлап, оның 
орбитасына аз да болса өзгерістер енетіні - хақ. Ал астрофизиктердің айтуына 
карағанда, айдын өзі жыл сайын бірнеше метрге жерден алыстайды екен. Олай 
болса, осы фактордың өзі ғана болашақ «таза» қажеттілікті теріске шығарады. 
Жоғарыдағы айтылған координаттың өзі де өзгеріп, сағаты мен уақыты да басқаша 
болады. Бірақ сол өзгерістерге қарамастан, күн тұтылады, өйткені ол - табиғаттың
қажеттілігі. Яғни күн жүйесінің өзінде де таза қажеттілік жоқ, оған да 
кездейсоқтық факторлар өзгеріс енгізіп отырады. 
Келесі мысал ретінде жастардың уакыты келгенде үйленуі, отбасы құруы. Ол
табиғи қажеттілік. Бірақ әр жас азамат өзінің өмір шеңберінде кімді кездестіріп, 
сүйеді, таңдайды, ол көп кездейсоқтықтарға байланысты. 
XX ғ. 70-ші жылдарында дүниеге келіп, тез қаркынмен дамып келе жатқан жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   490   491   492   493   494   495   496   497   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет