Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет496/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
558 
Алайда ол үшін іскерлік, ізденіс керек. Үйде енжар отыра берсеңіз, ешқандай 
кездейсоқтыққа ұшырамайсыз. Сонымен қатар мемлекет статистикалық ақпараттар 
арқылы экономиканың кажетті сатыларын анықтап, оларға неше түрлі бағдарламалар 
мен заңдар арқылы өз ықпалын тигізе алады. 
Сарапталған категориялардың таным үрдісіндегі методологиялық мәні өте зор. 
Тарихи, ғылымдағы ашылған көп жаңалықтар кездейсоқтықтың әсерінде ашылған. 
Сондықтан ғылым тек қана қажеттіліктерді ашады, «ғылым - кездейсоқтың жауы» 
деген нақыл сөздер, шынына келгенде, дұрыс емес. 
Мысалы, Луи Пастер бактериялар өсіп жатқан ыдысқа байқамай, зеңді (плесень) 
түсіріп алады. Келесі күні микроскоппен зерттегенде, бактериялар жоқ болып шығады. 
Сол кездейсоқтықтың арқасында ол зеңнің антибактериялық қасиетін ашып, соңынан 
пенициллин дәрісін ойлап шығарады. Бүл ғылыми жаңалықтарды адамзат 
денсаулығына тигізген оң нәтижесін асыра бағалау өте қиын. 
Екінші француз ғалымы А.Беккерель лабораториядан кетерінде уран тұзын 
фотоқағазға орап кетеді, келесі күні оны химикаттардан өткізіп шығарған кезде, оның 
бетінен неше түрлі сәулелердің ізін көреді. Соның арқасында уранның радиоактивтік 
касиеттері ашылып, микроәлемді зерттеуге кең жол ашылады. 
Сондықтан әрбір зерттеуші объектінің қажетті жақтарын ашу жолында барлық 
кездейсоқтықтарды тізіп, олардың көрінісін терең зерттеу арқылы ғана қажеттілікке
жетуі мүмкін. Әрине, ол ғылымдағы көп жолдардың біреуі ғана. 
§19. Қажеттілік пен еріктік. Жауапкершілік 
Адам еріктігі жөнінде философия тарихында мыңдаған мақалалар мен 
кітаптар жазылған. Бұл категория әсіресе бұрынғы Кеңес Одағының шеңберіндегі 
«қайта құру» үрдісі басталғаннан кейін, қоғамдық санада аса көп айтылатын, 
насихатталатын ұғымдардың біреуіне айналды. Алайда бүгінгі қоғамдык санада 
«еріктікпен мастану» сатысы өтіп бара жатқан сияқты, өйткені еріктікті ұран етіп 
жасалған жақсы нәрселермен бірге қаншалықты теріс нәрселер де болды!!!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   492   493   494   495   496   497   498   499   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет