Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет493/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
555 
көнуден басқа шара қалмайды деген ой келеді. 
Мұндай пікірді қанағат етпеген ойшылдар, керісінше, Дүниеде еш кажеттілік 
жоқ, бәрі де кездейсоқтық, олай болса ешқандай заңдылық, тәртіп жоқ деген пікірге 
келген болатын. Мысалы, А.Шопенгауер: «Дүниенің негізі материяда, я болмаса 
санада емес, өзін бұлдыр сезінетін, мақсат-мүраты жоқ, тек өмірге деген талпынысы 
бар соқыр дүниежүзілік ерікте», - дейді. Ал мұндай жағдайда да адам еш нәрсе жасай 
алмайды, бейсаналық ерік оның ісін бір сәтте-ақ жоққа шығарады. 
Идеалистік философия желісіне келер болсак, олар қажеттілікті дүниежүзілік 
рухтың, я болмаса Құдайдың кұдіретті күші ретінде түсінеді. Ал Кант өз 
философиясында қажеттілікті адамның Дүниеге енгізетін ойлау формасы ретінде 
қарады. 
Философия тарихында қажеттілік пен кездейсоқтықтың өзара байланысын терең 
зерттеген Гегель болды. Қажеттілік заттың өзіндік ішкі себептерінен, оның мән-
мағынасынан туындайтын болса, кездейсоқтық сыртқы кұбылысынан, басқа заттармен 
байланысынан пайда болады. 
Алайда мұндай көзқарас та бүгінгі әдебиетте сынға алынады. Заттың сыртқы 
байланысынан шығатын кездейсоқтық, сол затты одан да кең жүйенің шеңберіндегі 
элементі етіп қарағанда, қажеттілікке айналады. Оны шексіз кеңіте берсек, Дүниеде 
тағы да кездейсоқтыққа орын қалмайды (қараңыз: Материалистическая диалектика., т. 
1, М., Мысль, 1981, 205-6.)- 
Сондықтан бұл тұжырымды жақтайтындар қажеттілікті мүмкіндік категориясымен 
байланыстырып қарайды. Онда кажеттілік белгілі бір жағдайдағы калыптасатын 
жалғыз мүмкіндіктің ертелі-кеш шындыққа айналуымен тең болып шығады. 
Жоғарыда көрсетілген пікірдің әлсіз жағы: ешқашанда қайсыбір заңын алсақ та, ол 
жалғыз мүмкіндіктен тұрмайды. Сонымен қатар белгілі бір жағдайда бірнеше 
мүмкіндіктің шындыққа айналуының сәтті болуы да ғажап емес. Егер біз асықты 
лақтырсақ, төрт жағының біреуіне тұрады (бір жолы «бүк» болса, екінші жолы «шік», я 
болмаса тағы да «бүк», я «тәйке» болуы мүмкін. Мүны кездейсоқтыққа жатқызуға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет